+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Әлеуметтік көмек: 70 мың отбасының өтініші қаралып жатыр

2019 жылғы 23 тамыз 16:57
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік көмек: 70 мың отбасының өтініші қаралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –70 мың отбасының атаулы әлеуметтік көмек бойынша берген өтініші қаралып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі Көпбалалы отбасыға шағын несие қалай беріледі Әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашылды

«Еңбекке жарамды адам шамасы келіп тұрса жұмыс істеуі керек. Барлық мемлекеттік қолдау мен көмек, әлеуметтік шаралар шынында да, мұқтаж адамға көрсетілуі тиіс. Алайда, өкінішке қарай, бұған дейін айтқанымыздай, АӘК тағайындау кезінде кейбір азаматтардың өз табысын жасыру фак тілерін көп кездестірдік. Мәселен, табысы 200 мың немесе 300 мың теңге адамдар өз айлығын 40 мың теңге деп көрсеткен», - деді Бердібек Сапарбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Вице-премьер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырғанын, еңбек ресурстары бойынша орталыққа жұмыс істейтін барлық қазақстандық туралы мәлімет түсіп жатқанын айтып берді.

«Осының негізінде кез келген азаматтың айлығын айқындап, біліп отырмыз. Отбасы мүшелеріне шаққандағы табыстарын анықтаймыз. Отбасындағы жан басына шаққанда күнкөріс минимумынан 70 пайызға аса ма – соларға АЕК беріледі. Бірақ, өкінішке қарай, қазіргі таңда мұндай отбасылардың саны Қазақстан бойынша 70 мыңнан асады (...) Осы 70 мың отбасының шынайы табысын пысықтау бағытында жергілікті билік органдарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Елбасы да, Мемлекет басшысы айтқандай « көмек нағыз мұқтаж адамдарға берілуі керек «,- деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, ол мұқтаждық пен масылдықты ажырата білу қажеттігі туралы айтты.

«Егер біз осыны пайдаланып, жұмыс істемей масыл болып кетсек, бәріміз масыл болып кетсек, болашағымыз қалай болады. Жастарды қалай тәрбиелейміз. Сондықтан, бұл жерде масылдық болмауы керек», - деп атап өтті в ице-премьер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT