21:58 Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05:13 Ерекше баласы бар аналар ортопедия бұйымдарын монетизациялауды сұрап отыр АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ерекше баласы бар аналар жөргек санын көбейтіп, ортопедиялық бұйымдарды монетизациялауды сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 13:56 1 шілдеден әлеуметтік қамсыздандыру саласына бақылау жасайтын инспекторлар жұмысын бастайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа Әлеуметтік кодекске сай, 1 шілдеден бастап ел бойынша Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары өз қызметіне кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 13:53 Мүгедектігі бар жандар белгілі бір нысанда өздеріне қандай жағдай жасалғанын сайт арқылы біле алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қандай да бір нысанда қажетті жағдай жасалғанын үйден шықпай-ақ біле алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 13:41 Мүгедектігі бар жандарға жағдай жасамаған нысан басшыларына 60 млн теңге айыппұл салынды АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр мүгедектігі бар жандар үшін қолайлы жағдай жасамаған 300-ге жуық нысанның басшысына 60 млн теңге айыппұл салынды. Мұны Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 13:32 Алдағы екі жылда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 13 мыңға жуық нысан бейімделеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін нысандарды ыңғайлы етіп бейімдеу жұмыстарына 1,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 21:39 «Mariyam»: Сәби сүйгісі келетін жұптарға ЭКО жасатуға демеушілік қор ашылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда бедеулік диагнозы қойылған 20 мың әйел мен 4 мың ер адам есепте тұр. Жыл сайын «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 7 мың әйелге экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ/ЭКО) процедурасын тегін жасауға квота бөлінеді. Дегенмен бұл көмекке мұқтаждар саны әлі де аз емес. Бүгін елордада сәби сүйгісі келетін, мемлекеттік квотаға іліне алмаған келіншектерге көмектесуді, ЭКО-процедураларға демеушілік көрсетуді көздейтін «Mariyam» қоры таныстырылды. Тұсаукесер «Экомед» ЭКҰ репродуктивті медицина орталығы және «Jibek Joly» телеарнасының қолдауымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 16:03 Бүгін – Жетісу облысының құрылғанына 1 жыл ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – 8 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысын құру туралы қаулысы күшіне енген болатын. Айтулы күнге орай Талдықорған қаласында пәтер кілттері беріліп, 1 жасқа толған балалардың тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 10:25 Мүгедектігі бар азаматтар портал арқылы 237 мыңнан астам қызмет алды АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 180,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 6,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,3 мың – жеке көмекшінің, 24,7 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.06.2023 16:02 Мүгедектердің құқығы туралы конвенцияға факультативтік хаттама ратификацияланды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
07.06.2023 00:22 Таразда әлеуметтік көлік картасы іске қосылды ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда «Тulparcard» жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін көлік картасының жаңа түрі «Әлеуметтік көлік картасы» іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 19:48 Атырауда дағдарыс орталығына жыл басынан 24 әйел мен 63 бала түскен АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан дағдарыс орталығына 24 әйел мен 63 бала түскен. Қазір орталықта 5 ана мен 16 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 20:34 Жетісу облысында 1,5 млрд теңгеге балалар лагері салынуда ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысының Алакөл ауданында 1 млрд 400 млн теңге қаржыға балалардың жазғы лагері салынып, мекеме демалушыларды қабылдауға дайындық үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 13:44 Мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін қаржы ұйымдарына талаптар әзірленіп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша қаржы ұйымдарына талаптар әзірленіп жатыр. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 10:10 89 мыңға жуық қазақстандық SKILLS ENBEK платформасында оқыды АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 88,9 мың азамат, оның ішінде 22,7 мыңға жуығы жұмыссыз, SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада жалпы 283,1 мың қазақстандық тіркелді, оның 101,9 мыңы биыл тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.06.2023 14:15 Әлеуметтік төлемдер халық үшін екінші орындағы табыс көзіне айналған АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемдер халық үшін екінші орындағы табыс көзіне айналған. Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев Amanat партиясы фракциясының халық табысын арттыру бағдарламасы талқыланған жиында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.06.2023 18:41 Freedom Support: күштік құрылымда қызмет етіп, қаза тапқандардың балаларына ай сайын 200 мың теңге төленеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 маусым күні әлемнің 60-тан астам елі, оның ішінде Қазақстан да Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бейбіт уақытта бұл мереке сыйлықтармен, саябақтармен, концерт және басқа да ойын-сауықтармен еске түседі.
01.06.2023 16:56 8 қалада аутизм диагнозы бар балаларға арналған күндізгі орталықтар ашылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің 8 қаласында аутизм спектрі бұзылған және басқа да писхикалық ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтар ашылады. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.06.2023 16:25 Биылдан бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 шілдеден бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналардың жәрдемақысы 25 530 теңге болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осныдай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.06.2023 16:21 1 шілдеден бастап ақыл-ойында кемістік бар балалар шипажайда сауықтырудан өте алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде 1 шілдеден бастап ақыл-ойында кемістік бар балаларға шипажайда сауықтыру қызметі ұсынылатынын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.