Әлеуметтік кодекстің нормаларын жүзеге асыруға 2,3 трлн теңге бөлінді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік кодекстің нормаларын толық жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 3 жылға 2,3 трлн теңге бөлінді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге ұсынылған Әлеуметтік кодекстің нормаларын толық жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен алдағы 3 жылға 2,3 трлн теңге бөлініп отыр. Кодекс новеллаларының басым бөлігі Президент тапсырмаларын және өткен жылғы халыққа Жолдауын орындау аясында қарастырылды әрі осы жылдың қаңтарынан жүзеге асырыла бастады», - деді министр Әлеуметтік кодекс жобасы мен ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда талқылау кезінде.

Талқылаудан кейін Сенат депутаттары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің жобасын және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» үш заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Соңғы жаңалықтар