+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Әлеуметтік кодекс қалай әзірленіп жатыр

2021 жылғы 10 маусым 18:10
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік кодекс қалай әзірленіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жақсартуға бағытталған Әлеуметтік кодекстің қалай әзірленіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыс берушілер еңбеккерлеріне зиянды жұмыс жағдайы үшін 141,5 млрд теңге төлеген Қазақстанның 2,8 мыңға жуық кәсіпорны қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді Еңбек қабілетінен айрылған 14,7 мың азаматқа 15,5 млрд теңге төленді

«Әлеуметтік кодексте өмірдің түрлі кезеңдерінде түрлі жағдайға байланысты көрсетілетін әлеуметтік қорғау және қолдау шараларының тұтас кешені жүйелендіріледі. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатыр. Кодексте әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін сапалы жақсартуға бағытталған негізгі тәсілдер қалыптастырылды. Оның біріншісі – әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету шараларын күшейту, екіншісі – азаматтарды әлеуметтік қолдауды жаңғырту», - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

Үшіншісі – әлеуметтік стандарттарды ұсынудың интеграцияланған моделін енгізу, төртіншісі – мемлекеттік қызметтерді трансформациялау және олардың реинжинирингі және бесінші тәсілде – әлеуметтік институттарды реформалау көзделеді.

«Әлеуметтік кодексті қабылдау келешекте азаматтардың өз әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға, әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға мүмкіндік береді», – дейді Серік Шәпкенов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT