Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары қызметінің кез келген бағытында жемқорлық қаупі бар - Антикор

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары қызметінің кез келген бағытында жемқорлық тәуекелі бар. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметіне сырттай сараптама циклі аяқталды. Жемқорлық тәуекелдері оның қызметінің әрбір бағытында анықталып отыр. Бірінші - инвестициялар жобаларды жүзеге асыру желеуімен жер учаскелерін жаппай конкурстан тыс ұсыну. Мұндай әрбір екінші жобада көпқабатты тұрғын үйлер, мейрамханалар, көлік жуу орындары және басқалары салынған. Лауазымдық қызметін асыра пайдалану фактісімен корпорациялардың лауазымды тұлғаларына қатысты 9 қылмыстық іс тіркелген. Шығын 1,4 млрд теңгені құрайды. Екінші – активтерді тиімсіз пайдалану. Активтерді аффилирленген тұлғаларға төмендетілген бағамен сату арқылы мемлекетке 6 млрд теңгеден астам сомаға шығын келтірілген», - деді Саян Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, 2019-2021 жылдары ӘКК-лерге азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін бөлінген 38,5 млрд теңге күткен нәтиже бермеген. Қаражат негізінен аффилирленген компанияларға кредит ретінде берілген және бағаны тұрақтандыру міндетінің орындалуына бақылау болмаған.


Соңғы жаңалықтар