Әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау саласына 9 трлн. теңге қаражат қарастырылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш жылға әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау саласына 9 трлн. теңге қаражат қарастырылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің селекторлық режімдегі алқа отырысында осы ведомствоның басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Мемлекет басшысы берген алғашқы тапсырмалардың бірі барлық әлеуметтік міндеттердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету. 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау саласына 9 трлн. теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде 2015 жылға - 2,5 трлн. теңге бөлінеді. Осы соманың 693 млрд. теңгесі денсаулық сақтау саласына, 1,8 трлн. теңге зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге бағытталады», - деді ол.

Отырыс барысында Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы басты міндеттер талқыланды. Жиынға мемлекеттік инспектор Б.Қарасаев, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру органдарының, Комитеттер департаменттерінің және мекемеге қарасты ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Соңғы жаңалықтар