+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде жүзеге асырылады

2020 жылғы 21 ақпан 13:47
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бастау алған Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде қолға алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтып берді.

«Жоба өткен жылы жазда Ақтөбеде басталған еді. Картаның қаншалықты тиімді болғанын көріп, жобаны біртіндеп кеңейтуді ұйғардық. Осылайша, әлеуметтік ID карта қазір Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстарында табысты енгізіліп жатыр», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Қазақстан азаматының әлеуметтік ID картасы» - жәрдемақылар мен төлемдер түсетін пластикалық карта. Карта арқылы бірқатар қызмет ақысын төлеуге болады. Бұл ретте, карта иесі жеңілдік санатына жататын болса, ақша есепшоттан шығарылмайды, бірақ төлем туралы хабарлама көрсетіледі. Әлеуметтік ID карта арқылы АӘК төлемін, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуді, мектептерде көпбалалы және табысы аз отбасы балаларының тегін тамақтануын көздейді.

«Бүгінге дейін 45 мыңға жуық карта шығарылып, 31 мың транзакция жүзеге асырылды. Оның 10% жолақы мен мектептегі тағам ақысын жеңілдікпен төлеуге арналған. Жыл соңына дейін әлеуметтік карталарды республика бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді Н. Мұқышев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT