Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің тиімді жүйесін құру қажет - Асқар Мамин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің тиімді жүйесін құру қажет. Бұл туралы бүгін еңбек қатынастарын реттеу жайы қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін еңбек саласындағы бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Оларды шешу үшін нақты шаралар қабылданатын болады. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің тиімді жүйесін құру қажет. Еңбек министрлігінің барлық ұсыныстарын қолдаймын», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетерлігі, отырыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев кәсіпорындар қызметкерлеріне 1,7 млрд теңге жалақы қарыз екендігін, кәсіпорындағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде көбейіп отыруы қажеттігін айтқан еді.

«Қазіргі таңда 184 мың кәсіпорында 958 мың қызметкердің жалақысы өсті. Ендігі міндет - әкімшіліктермен, кәсіподақ, жұмыс берушілермен бірігіп, осы жұмысты жалғастыру. Жалақы жыл сайын кем дегенде инфляция деңгейінде өсіп отыруы тиіс. Жаппай қысқартуға жол бермеуіміз керек», - деді Б.Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар