Әлеуметтік-экономикалық салада мемлекет пайдасына 2,8 млрд. теңге өндірілді - БҚО прокуратурасы

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы әлеуметтік-экономикалық салада мемлекет пайдасына 2,8 млрд. теңге өндірілді.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кадастрлық құны 2,7 млрд. теңге 281,7 мың га 408 жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Прокурордың ұсынымы бойынша ауаға рұқсат етілмеген зиянды қалдықтар шығарған «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-дан 461,6 млн. теңге залал өндірілді. Экологиялық заңнама талаптарын бұзған «ҚПО б.в.» компаниясына 565 млн. астам айыппұл салынды, сондай-ақ одан қоршаған ортаға келтірілген 2 млрд. астам теңге көлемінде залал өндірілді.

Қадағалау шараларының нәтижесінде заңсыз жекешелендірілген 5 қызметтік пәтер мемлекеттік қорға қайтарылды.

Қылмыстық іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке келтірілген 1,74 млрд. астам теңгенің 1,3 млрд. теңгесі немесе 75 пайызы өндірілді. Жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен 685 млн. астам теңге көлемде салық алынды. Сот тәртібімен 960 млн. теңге процессуалдық айыппұл өндіріліп алынды.

Экономикалық контрабанда фактілері бойынша заттай айғақтама болып танылған 176 млн. астам теңге тұратын халық тұтынатын тауар мемлекет есебіне берілді.

Сотпен анықтау және тергеу органдарынан жасырынған қылмыскерлерді іздеуге кеткен 2,759 млн. астам теңгені өндіру туралы 11 талапарыз қанағаттандырылды.

Тек арнайы прокурорлардың ықпалымен тергеу сатысында 1,237 млрд. астам теңге залалдың орны толтырылды. Елімізде алғаш рет 1 млрд. 97 млн. теңге көлемінде залал келтірген экологиялық қылмыстар туралы 3 қылмыстық істің тергеуі аяқталды.

Соңғы жаңалықтар