Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.79 eur/kzt 490.51

    rub/kzt 6.02 cny/kzt 66.91
Ауа райы:
Астана-1-3℃
  Jańalyqtar  >

«Әлеуметтік әмиян» қашан іске қосылады

2022 жылғы 9 желтоқсан, 13:22

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «әлеуметтік әмиян» іске қосылатын мерзімді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алуға жұмсалатын шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін «әлеуметтік әмиянға» ақша қаражатын аудару тетігін жүзеге асыру барысын пысықтап жатыр.

«Аталған тетік аясында төлем алушылармен өзара іс-қимылдың жеңілдетілген әдісі енгізілетін болады. Яғни, банктерде есепшоты жоқ азаматтарға ЖСН-дерін пайдалана отырып әлеуметтік көмек аударылады. Банктермен өзара іс-қимыл «SmartBridge» базасында жүзеге асырылады. «Әлеуметтік әмиянды» пайдалану үшін іске қосу 2023 жылдың 1 қаңтарына жоспарланып отыр», - деді Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары