Әлеуметтік әмиян енгізу неге кешігіп жатыр – Еңбек министрлігі түсіндірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов әлеуметтік әмиян енгізу барысы неліктен кешігіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік әмиян енгізу жұмысын 4 мемлекеттік орган, атап айтқанда Ұлттық банк, Сауда және интеграция, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс өткен жылы қарқынды жүргізіліп, қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданған болатын. Қазіргі уақытта Ұлттық банк жүйесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жүйелерімен тестілеу жүргзіліп жатыр. Оны іске қосуды таяу уақытқа жоспарлап отырмыз. Ол үшін арнаулы алаң дайындаймыз», - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Осы ретте Ербол Оспанов жобаға ілкі режимде қатысатын өңірлерді тізімі айқындалғанын жеткізді.

Сонымен қатар бірінші кезекте қолға алынатын мемлекеттік әлеуметтік төлемдер де белгілі.

«Тестілеу режимі аяқталғаннан кейін іске қосамыз және азаматтарға әлеуметтік әмиян арқылы әлеуметтік төлем алуда таңдау жасау мүмкіндігін береміз. Жұмыс аяқтала салысымын бүкіл елге хабарлаймыз әрі әлеуметтік әмиянды қалай қолдануға болатындығын түсіндіреміз. Бұл жүйе арқылы әлеуметтік төлемдерге қатысты үлкен сомадағықаражат жүретін болады. Соған орай тиісті инфрақұрылым керек. Әмиянға түсетін қаражат жаратылуы қажет. Адамдар осы құрал арқылы сауда үйлерінде, дүкендерде төлем жасай алуы тиіс. Ал ол үшін дайын инфрақұрылым керек», - деді Ербол Оспанов.


Соңғы жаңалықтар