+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Әлеуметтік әдебиеттің 50 пайыздан астамы балаларға арналады

2021 жылғы 14 мамыр 13:31
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік әдебиеттің 50 пайыздан астамы балаларға арналады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде балалар әдебиетін дамыту бағытындағы жоспарын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында ақын Ақылбек Шаяхметтің 70 жасына орай мерейтойлық шаралар өтті

«Биыл жас жазушылар және балаларға арнап шығарма жазатын қаламгерлер арасында байқау жарияланды. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар әдебиетті шығару бағдарламасы бойынша жыл сайын шығарылатын кітаптардың 50 пайызынан астамын балаларға арнауды жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, бұл жоспар бір ғана жылға емес, бесжылдыққа арналып отыр.

«Әрине, бұл – күнделікті жұмыс. Балалар кітабын байыту бойынша электронды каталогтарды да жасап жатырмыз. Балалар қызығатындай әр түрлі форматта кітаптар шығаруға күш салып отырмыз» деп түйіндеді сөзін Мәдениет және спорт министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT