+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Әлеуметтанушылар қоғамдық пікірді зерттеу мәселесін талқылады

2020 жылғы 17 қазан 17:55
Бөлісіңіз:
Әлеуметтанушылар қоғамдық пікірді зерттеу мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында қоғамдық пікірді зерттеу және әлеуметтану зерттеулерінің сапасын арттыру, жалпы қолданбалы әлеуметтануды дамыту мәселелері бойынша талқылау өтті.

Бұл жайында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мәлімет таратты.

Талқылауға Қазақстанның жетекші әлеуметтанушылары - «BISAM Central Asia» президенті Леонид Гуревич , «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова , әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығының президенті Бақытжамал Бектұрғанова , BRiF Research Group президенті Александр Рузанов , ҚПЗО директоры Гүлжан Әлімбекова , «Nur Otan» партиясының қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская , «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының құрылтайшылары мен атқарушы директоры Ботагөз Рақышева мен Айнұр Мәжітова , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Гүлмира Әбдірайымова , Этносаяси қолданбалы зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова , «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Ләззат Нұрқатова , «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының жобалар жөніндегі директоры Татьяна Башарина , Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қолданбалы әлеуметтік зерттеулер зертханасының меңгерушісі Нұрлан Байғабылов , Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті Зульфия Валитова , әлеуметтанушы Ботагөз Төреханова , PaperLab зерттеу тобының сарапшысы Серік Бейсембаев , Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Айман Жүсіпова , Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Есет Есенғараев және басқалар қатысты.

Жетекші қазақстандық әлеуметтанушылар Қазақстанда болып жатқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа да процестерді неғұрлым белсенді әлеуметтанушылық қолдау қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.

Олардың пайымдауынша, бұған ҚСЗИ алаңында қоғамдық пікірді зерттеушілердің сараптамалық пікірталас-кездесуі ықпал етуі мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT