​​ Әлеуетті инвестор Қазақстанның шет елдердегі мекемесінен ЖСН және электрондық цифрлық қолтаңба ала алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуетті инвестор Қазақстанның шет елдердегі мекемесінен ЖСН және электрондық цифрлық қолтаңба ала алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін инвесторлық виза алу тәртібін оңайлату үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1265 бұйрығына «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын адамдар үшін инвесторлық виза алуға өтініш беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін регламенттеу және 5-тен 3 жұмыс күніне дейін қысқарту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізді», - деді вице-премьер жауабында.

Сонымен қатар, ол ҚР бейрезиденттері үшін инвесторлық виза алу тәртібін оңайлату мақсатында шетелдік инвестордың Қазақстан Республикасына келуіне келісілген шақыру негізінде визалық-көші-қон порталы арқылы бір реттік электрондық инвесторлық визаларды ресімдеу бойынша функционал іске асырылғанын айтады.

«Бұл функционал шетелдік инвесторға қосымша уақыт пен жол шығындарынсыз «А5» санатындағы бір реттік электрондық визаны ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін ұсыну үшін шетел азаматтарына электрондық цифрлық қолтанба беру бойынша жұмыс жүргізді. Әлеуетті инвестор «бір өтініш» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемесінен ЖСН және электрондық цифрлық қолтаңба ала алады», - деді Серік Жұманғарин.

Соңғы жаңалықтар