Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Әлемнің үздік садақшылары елорда төрінде жиналады

2019 жылғы 21 мамыр 14:21 865
Бөлісіңіз:
Әлемнің үздік садақшылары елорда төрінде жиналады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында жамбы атудан өтетін «Алтын  жебе» І Әлем чемпионатында  дүниежүзінің айтулы мергендері бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде дүбірлі додаға әлемнің 20 мемлекетінен үздік мергендер қатысатынын растады. Оның ішінде Орталық Азия елдерінен өзге Малайзия, Оңтүстік Корея, Иордания, Румыния, Финляндия, Польша, Венгрия және тағы басқа мемлекеттердің өкілдері бар.
Әлемнің үздік садақшылары елорда төрінде жиналады 

Бұған дейін жамбы атудан «Алтын жебе» бәсекесі елорда төрінде екі мәрте халықаралық турнир ретінде өткізілген-ді. «Алтын жебе»  жарысын дүниежүзілік деңгейге көтеру мақсатында биыл елімізде тұңғыш рет жамбы атудан І Әлем чемпионаты ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізілетін бұл әлемдік мергендер сайысына Оңтүстік Африка, Малайзия, Оңтүстік Корея, Иордания, Румыния, Финляндия, Польша, Венгрия және бірнеше Азия мемлекеттерінің атақты мергендері қатысады. І Әлем чемпионатының мергендік бәсекелері «Азия стилі», «Түрік стилі» және жамбы ату ережелері бойынша өткізіледі.
Әлемнің үздік садақшылары елорда төрінде жиналады 

Еске салып өтсек, 2017 жылы және 2018 жылы ұйымдастырылған «Алтын жебе» халықаралық турниріне Мажарстан, Оңтүстік Корея, Финляндия, Малайзия, Түркия, Монғолия, Ресей, Румыния, Польша сынды оннан астам елдің әйгілі мергендері қатысқан болатын. «Алтын жебе» турнирінің  бас жүлдесі екі жыл қатарынан румыниялық сұрмерген Михай Козмейге бұйырды. Ал, турнирдің күміс, қола жүлделерін Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Абзал Толыбековтер иеленді.

 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған «Nur-Sultan Ethno Fest»  мерекесінде Әлем чемпионатынан басқа да көптеген қызықты шаралар өтеді. Атап айтқанда, аталмыш мереке өтетін  «Хан-шатыр» кешенінің маңында ауқымды этно-қалашық бой көтереді. Балалар үшін бірегей этно-аттракциондар ашылады. Ұлттық салт-дәстүр мен кітап көрмелері өтеді. Ақындар айтысы ұйымдастырылады. Балалар мен ересектерге арналған аударыспақ, садақ ату, арқан тарту, асық ату сияқты көптеген ұлттық ойын қатысушыларына марапаттар мен жүлделі сыйлықтар табыс етіледі. Қазақ күресінің боз кілемі төселіп, атақты балуандар шеберлік сабақтарын жүргізеді. Сондай-ақ, осы күндері этно-қалашыққа келген бүлдіршіндерге алтыбақанда тербелу, пони аттарға мініп серуендеу сияқты қызықтар тегін көрсетіледі.

«Nur-Sultan Ethno Fest» фестивалінің ресми ашылуы 31 мамырда сағат 19.00-де өтеді.


Әлемнің үздік садақшылары елорда төрінде жиналады 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT