+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Әлемнің саяси астаналары Астана процесіне түсіністікпен қарауда - Қарин

2017 жылғы 19 қаңтар 21:51
Бөлісіңіз:
Әлемнің саяси астаналары Астана процесіне түсіністікпен қарауда - Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қаңтарда Астанада өтуі жоспарланған Сирия дағдарысына қатысты бейбіт келіссөздер (Астана процесі) тараптардың ымыраға келуі үшін барынша маңызды.

Бұған қоса, әлемнің түрлі елдері, оның ішінде АҚШ келіссөздердің өту орнын таңдауға түсіністікпен қарауда. Бұл пікірді бүгін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы уақытта өтетін кездесуге қатысты халықаралық ұйымдардан, әлемнің саяси астаналарынан түсіп жатқан хабарларды, пікірлер мен сілтемелерді жіті бақылап отырмын. БҰҰ шенеуніктері өздерінің өкілдерін жіберуге дайын. Біз Вашингтон тарабынан орын алған белгіні естідік. Яғни, түсіністік бар», - деді ол.

Оның пайымынша, Қазақстан елордасында кездесудің (Астана процесінің) өтуі келіссөздерге қатыспайтын елдер тарабынан теріс реакция тудырмайды. Астанада бас қосатын тараптар өзгенің есебінен уағдаласпақ емес. Олар өздеріне қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқыға салатын болады.

«Екіншіден, әңгіме кең ауқымды сирияаралық келіссөздер жайында болып отырған жоқ. Бұл орайда, сарапшы ретінде айтар болсам, әңгіме ымыраға келу жайында болмақ. Осы орайда, бұл процес бүкіл сириялық дағдарысты шешеді деуге болмайды. Бірақ, бұл алда болуы мүмкін кездесудің маңызын төмендетпейді. Тіпті, кейбір мәселелерге қатысты, кейбір территория бөлігіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізілгеннің өзі алға ілгерілеушілік болмақ», - деді Ерлан Қарин.

Институт басшысы мұндай бейіндегі бейбіт келіссөздердің барынша күрделі әрі қатпарлы процесс екендігін және ұстанымдарды келісу бір мезетте бірнеше деңгейде, сонымен қатар бірнеше форматта жүргізілетіндігін баса айтты. Сол себепті оның қандай да бір нәтижесін болжау мүмкін еместігін ескертті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT