+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Әлемнің кейбір елдерінде вакциналау шаралары қалай жүргізіліп жатыр

2021 жылғы 21 маусым 20:52
Бөлісіңіз:
Әлемнің кейбір елдерінде вакциналау шаралары қалай жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапония, Қытай және Швеция елдерінде вакциналау шаралары қалай жүріп жатыр? ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты Кәсіпорындардағы вакцинация мәселесі корпоративтік әдеппен астасып жатыр - Абаев Тунис жағалауында кеме апатқа ұшырап, 17 адам суға кетті

Жапонияда азаматтарды жұмыс және оқу орындарында COVID-19-ға қарсы егу шаралары басталды. Елде университеттер мен жұмыс орындарында кәсіпорындардың қызметкерлерін вакцинациялауға арналған 3,4 мыңнан астам алаң тіркелген. Мемлекеттің министрлер кабинетінің Бас хатшысы Кацунобу Катоның айтуына қарағанда, мұндай стратегия Жапония халқын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау қарқынын арттырады.

Қытайлық дәрігерлер коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау науқаны басталғаннан бері ел тұрғындарына бір миллиардтан астам екпені салды. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі комитетінен хабарланды.
2021 жылдың 19 маусымындағы жағдайға сәйкес Қытайдың 31 әкімшілік бірлігінде коронавирустың жаңа типіне қарсы 1,01 миллиард вакцина жасалды. Қытайда коронавирустық инфекцияға қарсы екпені міндетті түрде алуы тиіс халықты вакцинациялау 2020 жылдың 15 желтоқсанында басталған болатын.
Швеция COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған адамдардың елге кіруіне тыйым салатын талаптың мерзімін ұзартты
Ел үкіметі ЕО мемлекеттерінен және Еуропалық экономикалық аймақтан Швецияға кіруге тыйым салатын талаптың күшінде болу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Бұл талап тек вакцинация сертификатын, ПТР зерттеудің теріс нәтижесі немесе антиденелердің болуы туралы куәлікті ұсынған адамдарға қойылмайды.
Шектеу мерзімінің ұзартылғандығы туралы талап 30 маусымда күшіне еніп, 31 тамызға дейін қолданыста болады. Дания, Финляндия, Исландия және Норвегия тұрғындарының ел аумағына кіруіне ешқандай шектеулер қойылған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT