+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Әлемнің ең көп ақы төленетін актері белгілі болды

2018 жылғы 23 тамыз 12:30
Бөлісіңіз:
Әлемнің ең көп ақы төленетін актері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Голливуд актері Джордж Клуни әлемдегі ең көп ақы төленетін актерлердің тізімін басқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Entertainment Tonight порталына сілтеме жасап.

Рейтинг Forbes журналының сайтында жарияланды. Белгілі болғандай, Джордж Клуни 2017 жылғы 1 маусымнан 2018 жылғы 1 маусымға дейін 239 миллион АҚШ долларын тапқан. Клуниге өзінің Casamigos Tequila компаниясының сатылымынан негізгі 233 миллион АҚШ доллары түскен.

Екінші орынға Дуэйн Джонсон орналасты. Ол «Джуманджи: Джунгли шақырады» блокбастеріне қатысқаны үшін 124 миллион АҚШ долларын тапқан. Джонсон басты рөлге түсіп қана қоймай, голливуд классикасының сиквеліне продюсерлік еткен.

Рейтингтің үшінші орнында 81 миллион АҚШ долларымен кіші Роберт Дауни тұр. Актерге негізгі қаражат «Кек алушылар. Шексіздік соғысы» фильмінен түскен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT