+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді

2021 жылғы 26 шілде 02:20
Бөлісіңіз:
Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасай отырып әлемдегі коронавирустың таралу ахуалына шолу жасайды.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 230 миллионнан асты Өзбекстанда карантин жеңілдетілді Әлемдегі коронавирус: Бангкокте туризм маусымы шегерілді, Швейцария елге келу ережесін өзгертті

Вьетнамдағы Хошимин билігі қалада коменданттық сағат енгізді. Қаулыға сәйкес 26 шілдеден бастап қала тұрғындарының көшеге шығуына шектеу қойылып, қаладағы барлық қызмет келесі күні сағат 18:00-ден 06:00-ге дейін тоқтатылады. Тек төтенше қызметтердің жұмысына рұқсат етіледі.

Словакия Парламенті елде коронавирус жағдайының өршу кезеңіне байланысты Заң қабылдады. Заңға сәйкес қоғамдық орындарға барған кезде келушілерден коронавирусты анықтауға тапсырылған тесттің теріс нәтижесі туралы анықтама, COVID-19 вирусынан сауыққандығы туралы анықтама немесе вакцинация туралы сертификат талап етілетін болады.
Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәуліктік антирекордтар тіркелді: Малайзияда 17 045 жағдай, Таиландта 15 335 дерек, Қазақстанда 6 631 жағдай анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT