Әлемнің бірінші ракеткасымен тағы кездескім келеді – Елена Рыбакина

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыққан қазақстандық Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен өткен матчқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WTA ресми сайтынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина бәсекенің оңайға түспегенін, И.Швентекпен тағы да кездескісі келетінін айтты.

«Мен тай-брейкте оған бірдеңе болғанын көрдім, бірақ жарақатының қаншалықты дәрежеде екендігін білмедім. Ол өте белсенді болды, бірақ көп қозғала алмайтынын түсіндім. Дегенмен ол әлі де жақсы ойын көрсетіп жатты, сондықтан мен де жинақы болуым керек еді. Мен матчтан пәлендей нәтиже күткен жоқпын, екінші сетте оң жақтан дәл соққы жасап, тезірек қимылдай бастағаныма бақыттымын. Сондықтан нәтижесіне қарамастан, мен тұтастай алғанда, жақсы ойнадым. Онымен тағы бір матч өткізгім келеді және асыға күтемін», деді Е.Рыбакина.

Елена Рыбакина жартылай финалда латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасады. Өзара кездесулер бойынша есеп - 2:1, Остапенко алда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Римде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов Ролан Гаррос турниріне дайындалып жатыр.

Анна Данилина жұптық сында Париж жарысының жартылай финалына өтті.

Елена Рыбакина Римде әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар