Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтек Астанаға келеді

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – 14-15 сәуірде елордадағы Ұлттық теннис орталығында Қазақстан құрамасы «Билли Джин Кинг кубогы» командалық әлем чемпионатының квалификациясы аясында Польша құрамасына қарсы ойнайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Поляк құрамасы кіл мықты спортшыларын қатарға қосып отыр. Команда капитаны Давид Кельт Қазақстанға қарсы ойынға мынадай ойыншыларды таңдады: «Үлкен шлем» турнирінің үш дүркін чемпионы Ига Швёнтек (WTA жекелей рейтингнде 1-орын), Магда Линетт (WTA жекелей рейтингіде 19-нөмір), Магдалена Фрехт (WTA жекелей рейтингіде 105-нөмір), Алиция Росольская (WTA жұптық рейтингіде 39-орын), Вероника Фальковская (WTA жұптық рейтингіде 92-нөмір).

Польша «Билли Джин Кинг кубогында» 1992 жылы үздік нәтиже көрсетті. Ол кезде поляктар ширек финалға дейін шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар