+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Әлемнің бірінші ракеткасы Барти US Open турниріне барудан бас тартты

2020 жылғы 30 шілде 14:43
Бөлісіңіз:
Әлемнің бірінші ракеткасы Барти US Open турниріне барудан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің бірінші ракеткасы, Австралия спортшысы Эшли Барти коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-тың Ашық чемпионатына (US Open) қатысудан бас тартты. Теннисшінің бұған байланысты түсініктемесі Herald Sun басылымында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тың бас инфекционисі коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның қауіпсіз екеніне күмәнданды Елімізде 1 423 коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония тіркелді 975 қазақстандық коронавирустан емделді

«Мен және менің командам биылғы жылы АҚШ-та өтетін турнирлерге, соның ішінде US Open-ге бармауға шешім қабылдадық. Бұл біз үшін оңай болған жоқ, бірақ коронавирустың әлі де айтарлықтай қаупі бар, сондықтан сақтанбаса болмайды. Мен АҚШ теннис қауымдастығына (USTA) турнирлерінде тек жақсылық болуын тілеп, келесі жылы АҚШ-қа оралуымды тағатсыздана күтемін», - деп мәлімдеді ол.

Барти 24 жаста, ол 2019 жылдың 24 маусымынан бастап Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде көш бастап келеді. Үлкен шлем топтамасы турнирлерінде австралиялық теннисшінің ең үздік жетістігі – Францияның Ашық чемпионатында жеңіске жетуі. Сондай-ақ ол Австралия Ашық чемпионатының жартылай финалына өтіп, Уимблдондағы US Open-нің төртінші раундына дейін жеткен. Барти - WTA бастамасымен өткен сегіз турнирдің жеңімпазы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT