Әлемнің белді ғалымдары «G-global - жаһандық диалог форматы» аясында адамзаттың даму моделін талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Тұрақты адами дамудың жаңа парадигмасы. G-Global жаһандық диалог форматы» атты ғылыми конференция өз мәресіне жетті.

Әлемнің 200 елінен келген 33 сарапшы үш күн бойы адамзат дамуының жаңа моделін талқылады. Аталған басқосу Женева, Баку қалаларында өткен конференциялардың заңды жалғасы болғанын атап өту керек. Жиын барысында әлеуметтік, экономикалық, саяси тақырыптағы 50 баяндама оқылды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған G-Global жаһандық диалог форматы аясында көп өлшемді жаһандық дағдарыстарға қарсы тұра алатын жаңа даму парадигмасы мен тұрақты даму концепциясын жүзеге асырудың неғұрлым тиімді тетіктерін жасаудың қажеттілігін айтылды. Алқалы жиында бас қосқан мамандар адамзат дамуының жаңа парадигмасы ретінде 13 пункттен тұратын резолюция қабылдады: Бап 1. Конференцияға қатысушылар бақылау жасалынбаған жаһандану әлеуметтік, саяси, әскери, экономикалық, қаржы салаларында тұрақсыздық пен дағдарыстарды туындататындығын айта отырып, тұрақты даму аясында әлемдік жаңа концепцияны әзірлеуге қатысты жедел шараларды қабылдау қажеттілігіне келіседі. Технологиялық дамудың қазіргі замандағы қарқыны әлеуметтік жатсынудың, жанжалқойлықтың, теңсіздіктің, жұмыссыздықтың, турбуленттіліктің деңгейінің артуына алып келеді. Технологиялардың қарқынды дамуы, әлеуметтік тартыстар мен халықтың тоқтаусыз өсімі адамзат қоғамына және жер биосферасына жаһандық орасан зор қауіп төндіреді. Бап 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Форум қатысушыларына арналған Жолдауында көрсетілгендей, конференция идеяларын қолдайды және G-Global бірегей сұхбат алаңын тұрақты адам дамуына қол жеткізуші тиімді дәнекерге айналдыруына кеңес береді. Бап 3. Конференцияға қатысушылар жаһандық заңның және әлемдік тәуелсіз институттардың үстемдік құруына, адамдардың ортақ құқығы және жауапкершілігіне, адамдарға бағытталған парадигмаға ауысудың қажеттілігін басып айтты. Бап 4. Конференцияға қатысушылар конференциядағы көрсетілген жаңа парадигманың он принциптерін толығымен қолдайды, соның ішінде өмірдің санынан гөрі сапасының жоғарылауына көңіл бөлу, қоршаған ортаны қорғау адамзаттың тұрақты дамуы үшін маңызды екендігін, әлеуметтік бөлісуді әлемдік деңгейде жеңу қажеттігін, сонымен қоса жұмыссыздық мәселесі және ауыз судың жетіспеушілігіне қатты көңіл бөлу керектігін, мәдени полицентризмге деген құрмет, теңбе-теңдікке негізделген екіжақты пайдалы ыңтымақтастық, ядролық қаруды құрту негізінде әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, білім беру және экстремизмге қарсы тұруға бағытталған әлеуметтік әділеттілік және тәуелсіздік арқылы ішкі тұрақтылыққа жету. Бап 5. Конференцияға қатысушылар білім беру мен әлеуметтік әділеттілік негізінде, екіжақты келісімшарт пен ядролық қарусыздық негізінде, қоршаған ортаның жаһандық қауіпсіздігін құрудың басты рөлі екенін түсінеді. Бап 6. Жаңа парадигма қарқынды өсіп келе жатқан жұмыссыздық, ауыз суының жетіспеушілігі және әлемдік саясаттағы кикілжің сияқты келеңсіздіктердің көзі болып табылатын терроризм, сепартизм және діни экстремизмге қарсы шара тәрізді, демократия негізінде ішкі саяси тұрақтылықтың дамуына септігін тигізуі керек. Бап 7. Жаңа парадигма экономикалық өсім мен табиғи ресурстардың тозуынан жер биосферасының мүмкіндіктерінен туындайтын адами тұтыну талап-тілектерін, әлеуметтік дамуды шектеу есебін ескеріп, бірдей баланста ұстауды қамтамасыз етуі қажет. Бап 8. Конференция планетадағы адамзаттың тұрақты дамуының жаңа парадигмасын жасады және ұзақ мерзімдік стратегиялық жоспарларын әзірлеу мен халықаралық қауымдастық пен жаһандық ағымдағы саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік күшке ие басқарушы институттың құрылуын қолдайды. Бұл жаһандық басқару институты халықаралық салық төлеу есебінен қаржыландыруы тиіс. Бап 9. Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялық технологиялар әлемнің тұрақты даму туралы болашақ стратегиясында маңызды рөл атқаруы тиіс. Ол адамзат көмегімен іске асырылуы тиіс. Бап 10. Конференцияға қатысушылар жаһандану үрдістеріне терең талдау жасау арқылы еліміздің білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартады. Мәселені шешуді пәнаралық тұрғыдан қарастырғанда транс-пәндік теориялық концепциялармен және үлгілермен әрекеттесу қажеттігі туындайды. Экономикалық даму жеке тұлғаның әл-ауқаты мен тұрақты қоғамның кепілі болуы үшін экономикалық теорияның экологиялық, саяси және әлеуметтік концепциялармен ықпалдасу мүмкіндігі бар. Бап 11. Келісілген халықаралық шарттар білім беру мекемелерінің рөлін көтеруді талап етеді: сапаны көтеру, білім беруде өзектілікті қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарының қоғаммен әлеуметтік ықпалдасуын, академиялық байланысты үйлестіру, университеттер арасында халықаралық байланысты нығайту, университеттердің қатысуымен білім стандарттарын құру. Қазіргі және болашақ ұрпақтың бейімделуі мен икемділігін көтеру мақсатында белсенді оқытуда, топтық жұмыста, тәуелсіз ойлауда, инновацияда, көшбасшылықта және әлеуметтік жауапты тұлғаның әрекет етуі үшін қажетті деңгейде педагогикалық әдістер енгізу қажет. Бап 12. Сонымен қатар табиғи өнімділік пен өңдеу ресурстарын көтеруде, экологиялық зардаптарды азайтуда өндірістер мен жүйелер әдістерін жетілдіруді қолдау қажет. Ғылымды қажет ететін технологиялар мен қызмет көрсету түрлеріне басымдық беру керек, яғни білімге негізделген индустриалды экономикадан қызмет көрсету экономикасына өтуге әсер ету қажет. Бап 13. БҰҰ-ның «Академиялық ықпалдасу» бағдарламасын, қоршаған орта және экологиялық білім бойынша UNESCO бағдарламасын іске асыру шеңберінде өзара әріптестікті күшейту, барлық елдердегі университеттердің тұрақты даму бойынша Модельдік жоспарды ілгерілетуде белсенді атсалысу және G-global шеңберінде тұрақты даму бағдарламасын насихаттау мақсатында өзге де қоғамдық және халықаралық ұйымдарды тарту қажет. Конференцияның жұмысы негізінде шығарылған резолюция Жапонияның Нагано қаласында өтетін ғылыми-конференцияда талқыланып, кейін БҰҰ назарына ұсынылмақ.

Соңғы жаңалықтар