Әлемнің әр түкпірінде жүрген ақтөбеліктер облыстың 85 жылдығына жиналады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Биыл Ақтөбе облысына 85 жыл. «Ақтөбе - құтты мекен!» атауымен өтетін атаулы дата кезінде әлемнің әр түкпірінде жүрген ақтөбеліктер шақырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы күндердің бірқатар жоспарымен бөлісті. Мәселен, Ақтөбеде Жұбановтар үйі, Аналарға тағзым үйі салынуы мүмкін. Ал биыл қыркүйек айында облыстың 85 жылдығы аталып өтіледі.

«Ақтөбе - құтты мекен!» 85 жылдық осы атаумен өтеді. Біз жерлестерімізді шақырамыз. Олар өздерінің ұсыныстарымен келуі керек. Мәселен, АҚШ-та тұратын Олимпиада чемпионы Валерий Лукин келемін деді. Ол біздің спортшыларымызға қолдау көрсетіп, жанына алып, тәрбиелеуге дайын»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Үкіметтік емес ұйым өкілдері де атаулы датаға орай өз ұсыныстарын беруі қажет. Ал Ақтөбеде туып, өсіп, тәрбие алған, кейін әр елге кетіп, еңбек етіп жүрген барлық азамат күзде арнайы шақырылады. Олар туған жердің дамуына үлес қосуы үшін өз үлестерін қосатын кез жетті.

«Кімді білмейміз, кім ескерусіз қалды? Бизнес, өнер, мәдениет, спорт секілді әр саланың адамдарын шақырып, ұсыныстар тыңдаймыз, қолдауларын күтеміз», - деді Б.Сапарбаев.

Айта кетейік, Ақтөбенің 85 жылдығына орай өңірде арнайы топ құрылды. Топқа облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова төрағалық етеді. 

Соңғы жаңалықтар