Әлемнің абсолютті чемпионынан жеңілген Фируза Шәріпованың гонорары белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің абсолютті чемпионы ирландиялық Кэти Тейлормен жекпе-жек өткізген Қазақстан боксшысы Фируза Шәріпованың гонорар сомасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ ақпаратынша, Шәріпованың кепілді гонорарының сомасы 100 мың АҚШ долларын құрайды. Еске сала кетсек, қазақстандық боксшының Тейлормен жекпе-жегі өткен демалыс күні Ливерпульдегі (Англия) бокс кешінің аясында өтті. Он раундқа белгіленген айқас соңына дейін жалғасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ирландиялық боксшының жеңісімен аяқталды. Алайда Шәріпова беделді қарсыласына бәсекелі жекпе-жек көрсете алды. Тейлор WBC, WBO, WBA, IBF нұсқалары бойынша жеңіл салмақта барлық белдіктерін қорғап шықты.


Соңғы жаңалықтар