Әлемнің 7 елінен жиналған 700 жас гимнаст Алматыдағы турнирде бақ сынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көркем гимнастикадан «Dostyк - 2019» халықаралық ашық чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада әлемнің 7 елінен 700-ге жуық спортшы бақ сынады.null

Атап айтқанда, Үндістан, Украина, АҚШ, Ресей, Польша, Қырғызстан елдерінен спортшылар келді. Сонымен қатар, Қазақстанның 10 қаласынан - Алматы, НұрСұлтан, Ақтау, Өскемен, Павлодар, Қызылорда, Қапшағай, Көкшетау, Талдықорған, Шымкенттен келген жас гимнасттар өз шеберлігін шыңдады.

«Бұл турнир көркем гимнастикадан визит картасы десек те болады. Бірнеше жыл ішінде бұл турнир кішкентай ғана старттан бастап, кәсіби чемпионатқа дейін өсті. Мұнда жоғары білікті қазылар төрелік етеді», - деді ұйымдастырушылар.

4 күнге созылған чемпионат барысында шеберлер санатында клуб тәрбиеленушісі - Ниязова Нинель, жастар арасында - Мұхамеджан Тоғжан, сонымен қатар Шымкенттен келген кішкентай спортшы Ғарифолла Адель топ жарды.

null null

Соңғы жаңалықтар