Әлемнің 5 елінде Abai Uіi мәдени-іскерлік үйі ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен шет елдерде «Abai Uіi» мәдени-іскерлік үйі жобасы іске қосылды. Бұл туралы «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Abai Uіi» мәдени-іскерлік үйі жобасы іске қосылды. Аталған жоба шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында әрекет етеді. Жоба аясында гуманитарлық, мәдениет, ғылым, білім, спорт және басқа саладағы түрлі бағдарламалар жүзеге асырыла бастады», - деп атап өтті М. Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өткен 2020 жылы «Abai Uіi» мәдени-іскерлік үйі Ресейдің Омбы, Өзбекстанның Ташкент, Түркияның Ыстанбұл, Германияның Берлин, Украинаның Киев қалаларында ашылған.

«Биыл 2021 жылдың соңына дейін осындай жобаны қазақтар көп шоғырланған Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, Ресейдің Астрахань, Қырғызстанның Бішкек қалаларында ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл әрине, сол елдердің эпидемиологиялық жағдайына, билігінің ұстанымына да байланысты болады. Дегемен, қазір ҚР Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктер арқылы жұмыс жүргізілуде, барлық жоба жүзеге асады деген ойдамыз», - дейді Мағауия Сарбасов.

Айта кетейік, әртүрлі мәліметтер бойынша шет елдерде 5-7 млн қазақ тұрады. Қазір нақты санын айқындау үшін зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Шет елдерде 250 қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді, «Отандастар» қоры оның 71-імен меморандум бекіткен.


Соңғы жаңалықтар