Әлемнің 200-ге жуық елі «Жер сағаты» акциясына қатысты

None
Фото: AP Photo/Markus Schreiber
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдегі көптеген елде «Жер сағаты» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының үндеуімен акцияға қатысушылар үйлері мен кеңселерінде кешке жарық пен электр құрылғыларын өшірді. Ірі қалаларда тарихи ескерткіштердің жарығы өшірілді.

Акция энергияны үнемдеуге және климаттың өзгерісіне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында өткізілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл сайын бұл шараға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Ал, Қазақстан биыл «Жер сағаты» акциясына 13-рет үлес қосты.

Маңғыстау облысының халқы кейінгі 4 жылда бұл акцияға белсенді қатысып келеді. Өңір тұрғындарына биыл да шараға атсалысып, сағат 20:30-21:30 аралығында үйдегі шамдарды өшіру, техниканы тоқ көзінен ажырату ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар