+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Әлемнің 20 мемлекетіне аштық қаупі төніп тұр – БҰҰ

2021 жылғы 25 наурыз 08:33
Бөлісіңіз:
Әлемнің 20 мемлекетіне аштық қаупі төніп тұр – БҰҰ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің 20 мемлекетіне шұғыл түрде азық-түлік түрінде көмек қажет. Олай болмаған жағдайда аталмыш елдерді аштық жайлауы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-ның азық-түлік мәселесімен айналысатын екі ұйымы осындай байлам жасап отыр.

Йемен, Оңтүстік Судан, Нигерияның солтүстігі аштықтан қырылуға шақ қалған, деп ескертті Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы мен БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы тарапынан дайындалған баяндама авторлары. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА БҰҰ-ның Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Аштық жайлау қаупі төніп тұрған мемлекеттердің басым бөлігі Африкада орналасқанымен бұл мәселе өзге өңірлер үшін де өзекті болып отыр.

«Азияда Ауғанстан, Таяу Шығыста Сирия мен Ливан, Латын Америкасында Гаити сияқты мемлекеттер халықаралық қоғамдастықтың көмегінсіз мәселені шеше алмайды», дейді сарапшылар.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының іріктеуі бойынша, 34 млн адам аштан өлуі мүмкін. Бұл дегеніңіз азық-түлік жетіспеушілігінің 4 деңгейі. «Осыншама ауқымда адамдардың зардап шегуі әрине, алаңдатады»,-дейді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Бас директоры Цюй Дунъюй.

«Біздің парызымыз - адамдардың өмірін сақтап қалу үшін тиісті шаралар қолдану, тұрғындардың кіріс көздерін сақтап, жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеу».

Бас директор сөзінде әлемнің көптеген елдерінде жақында егін егу жұмыстары басталатынын, кейбір елдерде тіпті басталып та қойғандығын еске салды. Мемлекеттердің азық-түлік өнімдерінің көлемін арттыруға көмектесу үшін жағдайды пайдалану керек.

Баяндамада көтерілген мәселелерге пікірін білдірген Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының басшысы Дэвид Бисли: «Біз үлкен қайғылы жағдайдың куәсі болғалы тұрмыз. Қақтығыстар, климаттық катаклизм және COVID-19 пандемиясы, миллиондаған отбасыларға төніп тұрған аштық мәселесін ушықтыра түседі»,-деді.

Оның сөзінше, аштықтың алдын алу үшін шұғыл түрде әскери іс-қимылдарды тоқтатып, тұрғындардың ең әлсіз топтарына гуманитарлық жолжетімділікті қамтамасыз етіп, биылғы жылға аштықпен күрес үшін деп деп сұралған 5,5 млрд долларды жинау керек.

Қазіргі таңда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өкілдерінің хабарлауынша, жағдай қиындап барады.

Ауғанстан, Орталықафрикалық мемлекет, Эфиопоия, Нигерияның солтүстігі, Сомали мен оңтүстік Суданда қақтығыстар ушыға түссе, пандемия мен онымен байланысты шектеулер әлем елдерінің тұрғындарының өмірін одан сайын күрделендіре түсуде.

Йемен, Ливан мен Таяу Шығыстағы өзде де бірқатар мемлекеттерде ұлтық валюта құнсызданып, инфляция өсіп барады.

Бұған қоса алдағы айларда Ла-Нинья климаттық феноменін қоса алғанда, жаңа табиғи апаттар күтіп тұр. Яғни Ауғанстан, Мадагаскар мен Африка мүйісінде азық-түлікпен байланысты жағдай қиындай түсуі мүмкін.

Африка континентінің шығыс бөлігін саранша басу қаупі төніп тұр. Зиянды жәндіктер Ангола, Ботсвана, Намибия, Замбия және Зимбабве сияқты елдердің астығын құртып жіберуі мүмкін.

Әлемнің көптеген аудандарына көмек жеткізу қиын. БҰҰ мекемелері халықаралық қоғамдастыққа гуманитарлық қолжетімділік мәселесін шұғыл түрде шешу қажеттігін еске салады.

Баяндамада қиындық туындап отырған әрбір аумақ бойынша нақты кеңестер берілген. Баяндама авторлары аштық қаупі ерекше аудандарды атап көрсеткен.

Көрсетілуі тиіс көмектер қатарында – дәнді дақылдарды жеткізу, жануарларды вакцинация жасау, қаржылай көмек, су сақтайтын құрылғылардың жөндеу сияқты өзге де көптеген шаралар бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT