Әлемнің 126 елінде коронавирус жұқтырғандар саны өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің елдерінің 70%-ында вирус жұқтыру жағдайлары күн сайын өсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

01.08.2020 жағдай бойынша 126 елде жер шарының шамамен 70%-ында вирус жұқтырудың күн сайынғы өсімі байқалады . Бұл сәуір айынан бергі ең жоғары көрсеткіш (үлес).

Биылғы жылдың мамыр айында 188 елдің 77-сінде вирус жұқтырудың күн сайынғы өсім тренді байқалған еді.

40 Еуропа елінде немесе құрлықтағы елдердің шамамен 80%-ында өсім тренді байқалуда. Азия мен Мұхит елдерінде бұл пайыз шамамен 70% құрайды.

Жекелей алғанда, Испанияда айтарлықтай өсу байқалады . Қазіргі уақытта ауру жұқтырған жаңа жағдайлардың саны биылғы жылғы маусымдағы көрсеткіштерден шамамен 8 есе көп.

Жақында Аустралия биылғы жылдың наурыз айының соңында (бірінші толқынның шарықтау шегі) тіркелген алдыңғы шарықтау шегінен асып түсіп, ауру жұқтыру жағдайларының күнделікті жаңа рекордын тіркеді.

Жаңа жағдайлардың пайда болу себептерінің бірі-тестілеудің өсіп келе жатқан қамтуы.

Жаңа жағдайлардың көбеюінің себептерінің бірі - тестілеудің көбеюі.

Биылғы жылдың сәуір айының басында оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың тесттердің жалпы санына арақатынасы АҚШ-та 20% - дан астам және Жапонияда 7% -дан көп болды.

Тестілеудің күрт өсуі аясында биылғы жылғы шілдеде тиісті статистиканы ұсынатын 88 ел бойынша көрсеткіш шамамен 2% деңгейінде тұрақтанды (өткен айларда тестілеумен қамтудың өсуі, негізінен, жаңа жағдайларды анықтау қарқынынан асып түсті).

М.Розердің (Oxford University) айтуынша, коэффициенттің 3% -дан жоғары болуы елде жаңа жағдайлардың санының өсу тенденциясы барын көрсетеді.

Тиісті статистика ұсынатын 88 елдің ішінде, жартысынан көбінде 3% -дан жоғары.

Еуропаның 9 елінде, оның ішінде Испания мен Бельгияда коэффициент көрсетілген шектен жоғары.

Осы жылдың маусым айында. Жапонияда бұл коэффициент 1%-дан төмен болды, бірақ бүгінде елде бұл көрсеткіш 5% -дан асады.

Мұндай динамика инфекцияның тестілеуден гөрі тезірек таралатынын көрсетеді.

Еуропада елдер осы жылдың сәуір-мамыр айларында қозғалысқа қатаң шектеулер қойды, бұл күнделікті вирус жұқтырудың жағдайлар өсімінің азаюына әкелді. Осыған орай, соңғы бірнеше айда шектеулер біртіндеп алынып тасталды.

Роберт Кох институтының мәліметінше, отбасылық шаралар, демалыс орындары мен кеңселер жаңа инфекциялардың негізгі векторына айналуда. Биылғы жылдың маусым айынан бастап көптеген елдер сонымен қатар шетелге шығуға салынған шектеулерді жеңілдете бастады. Бұл вирус жұқтыру жағдайларының көбеюіне алып келді.

Ал қазір өптеген елдер сапар шегуге салынған шектеулерді қайта күшейтуде.

01.08.2010 жағдай бойынша 84 елде жиналыстарға тыйым салу және ойын-сауық орындарын жабу сияқты шектеу шараларын қайта қабылданды.

Еуропаның 25 елі мен Азия мен Мұхит елдерінде 19 ел қозғалысқа салынған шектеулерді күшейтті.

Вирустың бірінші толқыны аясында толықтай локдаун енгізген жекелеген елдерде қазіргі кезде жаңа жағдайлар саны көп аймақтарда ғана шектеуге бағытталған мақсатты шаралар жүргізілуде.

Кейбір Еуропа елдері «ақылды локдаун» (smart lockdowns) деп аталатын тәсілдерді қолдануға тырысуда. Атап айтқанда, осы жылдың маусым айында. Германия үкіметі азық-түлік өндіретін жергілікті зауытта жаппай індетке шалдығу жағдайлары орын алғаннан кейін Гютерсло графында қозғалысты шектеу бойынша нақты шаралар енгізді.

Көп жағдайда орталық және жергілікті билік жаңа тәсілге жүгінеді, адамдардың топ болып жүрмеуін қатаң реттей отырып, нақты шектеулер енгізеді.

Сондай-ақ халықаралық саяхаттар үшін де осындай әдіс қолданылады. Италия Еуропалық Одақ азаматтарын маусым айының басынан бастап қабылдай бастады. Бірақ 2020 жылдың 24 шілдесінен бастап ауру жұқтырушылар саны көп Румыния мен Болгариядан келген саяхатшылар үшін міндетті екі апталық карантин кезеңі енгізілді.

Австралияда Квинсленд штаты Виктория мен Сиднейден басқа барлық штаттарда қозғалысқа салынған шектеулерді алып тастады. Өйткені онда жаңа жағдайлардың саны өсуде.

Жапонияда Токио Үкіметі кешкі 10-ға дейін мейрамханаларды жабуды сұрайды (жергілікті үкіметте олардың қызметіне тыйым салу құқығы жоқ).


Соңғы жаңалықтар