Әлемнің 110 елінде коронавирустың таралу көрсеткіші өсті
2022 жылғы 30 маусым 22:24

Әлемнің 110 елінде коронавирустың таралу көрсеткіші өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің 110 елінде коронавирус індеті өскен. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіштерінің жоғарылай түскенін, 110 елде инфекцияның өсуі байқалғанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, омикрон штамдарының BA.4 және ВА.5 түрлерінің таралу әсерінен жағдай 110 мемлекетте күрделеніп отырғанын, пандемия аяқталған жоқ.

«Жүздеген миллион адамдар, соның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлері мен табысы төмен елдердегі қарттар вакциналаудан қалыс қалуда, бұл оларды вирустың болашақ толқындарына осал етеді», — деді ДДҰ басшысы.

Сондай-ақ ол бүкіл әлемде COVID-19 ауруы 20% - ға өскенін, ал ДДҰ қатысатын аймақтардың жартысында коронавирус салдарынан болатын өлім-жітім санының да көбейгенін атап өтті.


Фото: Getty Images/Harald Tittel
Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT