Әлемнің 11 елінде қазақ тілін оқытатын 31 онлайн сынып жұмысын бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелдегі қандастарға өз тілін ұмытпай, оқып жүруіне мүмкіндік жасау үшін «Қастерлі қалам» жобасы әзірленеді. Бұл жайлы елордада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол бойынша қазақ тілін қашықтықта оқитын онлайн сыныптар ашылып, алдағы уақытта жұмыс істейтін болады. Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық басқару мен жыл соңына дейін әлемнің 11 елінде осындай 31 сынып ашу жоспарлануда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі қандастардың қазақ қоғамымен байланысын күшейтері сөзсіз. Ол үшін сіздер мен біз осындай ортақ іске күш біріктіріп, кері байланыс пен өзара сенімге негізделген іс-қимылды нығайту маңызды», - деді ол.

Айта кетсек, Дәурен Абаев бұған дейін Қазақстанға көшетін қандастардан талап етілетін құжат саны 43-тен 20-ға дейін қысқаратынын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар