«Әлемге жол ауылдан басталады»: Түркістанда қырғызстандық суретшілердің көрмесі ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облыстық бейнелеу өнері музейінде Қырғыз Республикасы Талас облысы суретшілерінің топтық шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. «Әлемге жол ауылдан басталады» атты көрмеге 7 кәсіби суретшінің 103 кескіндемелік туындысы мен мүсіні қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, зиялы қауым өкілдері мен студенттер, мектеп оқушылары мен өнерге қызығушылар, БАҚ өкілдері қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған шара Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық Суретшілер одағы, облыстық Бейнелеу өнері музейі ұйымдастырған көрмеге Қырғызстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Қырғызстан Суретшілер Одағы, сондай-ақ Түркістан облысының әкімдігі қолдау білдірді.

Көрмеге Қырғызстан Республикасының суретшілері Сүйтбек Төребековтың «Қырғыз мадоннасы», «Ұлы далада», «Оңтүстік жағалау», «Ыстық көл кеші», «Толғаныс»(триптих), «Суретші Жақыповтың портреті» қойылды. Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының Халық суретшісі Қадірқұл Оразметовтың «Көкшетау-Оқжетпес», «Бішкек-Қарабалта тас жолы», «Ана», «Қысқы демалыс» атты туындылары көпшілікке ұсынылды. Тағы бес суретшінің шығармалары қойылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
null

Осы көрме арқылы елімізде тұратын ұлттармен ғана емес, басқа мемлекеттермен де тығыз байланыс орнатылғаны көрсетілді. Көрші ел суретшілерінің өнерін бағалай отырып, көрме арқылы мәдениетаралық ынтымақтастықтың нығайғанын айқындады. Және оңтүстік жұртшылығы қырғыз суретшілерінің өнерімен кеңінен танысты.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар