Әлемге танымал туристер қаласында қазақтың киіз үйі тігілді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қытайда өткен «Халық әндері» байқауында қандастарымыз
бас жүлдені жеңіп алды - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)
null

Қытайдың Хунан өлкесінде саны аз ұлттардың халық әндерін орындаушылар арасында мемлекеттік деңгейдегі байқау ұйымдастырылды, деп жазады қытайлық kazakcnr.com сайты.

Дереккөз мәліметінше, халық әуендері байқауына Қытайда тұратын моңғол, қазақ, дүңген, тибет секілді саны аз ұлттар саналатын халықтардан 300 өнерпаз қатысқан. Олар өз халықтарының ұлттық әндерін аламан өнер бәсекесіне ала келген. Аталған жарыста қатысушылар екі айналымда бақтарын сынады. Бірінші айналымда әнді жанды дауыста, музыка аспабының сүйемелдеуімен орындаса, ал екінші айналымда музыка аспабының сүйемелдеуінсіз орындауы керек болған. Міне, осы өнер байқауына Қытайдың Гансу өлкесінің Ақсай Қазақ автономиялық ауданында тұратын қандастарымыз да қатысып, жүлделі орындардан көрінді.
nullnull

«Қытайдың Хунан өлкесінің Чаңша қаласында өткен «Қытайдағы азсанды ұлттардың халық әндері» байқауында Ақсай Қазақ автономиялық ауданынан қатынасқан «Береке» тобы бас жүлдені қанжығаласа, «Домбыра» тобының ерлі-зайыпты әншілері Ертай Қабдыкейұлы мен Пәрида Қабияшқызы 3-ші орынды еншіледі. «Береке» тобының құрамында Төребек Шәкенұлы, Тілек Қыдырмоллаұлы, Ынтымақ Рахатұлы, Кенжебай Сәулетбекұлы, Мейіртай Өкенұлы секілді әншілер өнер көрсетті. Ал жүлдегерлердің осы қуанышын естіген Ақсай ауданындағы жанкүйер жұрт өнерлі ұл-қыздарының табысты еңбегін бағалап, алдарынан шығып, қуана қарсы алды. Ақ кимешекті апалар ақ жарма көңілдерін білдіріп, шашу шашса, ақ сақалды аталар ақ батасын беріп, қазақтың әдет-ғұрпы бойынша сусын алып шығып, жүлделі әншілерге ұсынды», - деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосының» сайты.
nullnull

Футболдан Моңғолия чемпионатында Баян-Өлгей қола жүлдені еншіледі - KAZNEWS
null

Моңғолияның Баянхонгор аймағында өткен Футболдан жасөспірімдер арасындағы Моңғолия чемпионатында Баян-Өлгей аймағының футболшылары қола жүлдені қанжығалады, деп хабарлайды KAZNEWS ақпараттық порталы.

«Жартылай финалда Баян-Өлгейлік футболшылар Сүхбаатар аймағын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, футболдан жасөспірімдер арасындағы U16 ел біріншілігінің қола жүлдегері атанып отыр. Сонымен қатар, «Ұлттық кубок» үздіктері анықталды. Т.Серлан (Баян-Өлгей) үздік қақпашы атанса, үздік шабуылшы болып Е.Ерқанат (Баян-Өлгей) танылды. Төмендегі видеодан ширек финалда аймағымыздың абыройын қорғаған аяқдопшыларздың Увс аймағымен өткізген кездесудегі жеңісті сәтін көре аласыздар»,- деп жазады KAZNEWS ақпараттық порталы.

Әлемге танымал туристер қаласында қазақтың киіз үйі тігілді - CNR
null

Қытайдағы әлем туристері жиі баратын,  байырғы Жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени қала Дұнхуаңның Айкөл туристік орталығында қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін  насихаттайтын киіз үй бой көтерді, деп жазады қытайлық kazakcnr.com сайты.

 Аталған БАҚ-тың жазуынша, қазақтың киіз үйін көне Дұнхуаң қаласына Қытайдың Гансу өлкесінің Ақсай Қазақ автономиялық ауданындағы  сүт өнімдерін өндіретін «Қара жорға» ЖШС апарып тіккен.  Бұл мәдени нысанда туристер әртүрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып, қазақтың дәстүрлі киім-кешегін киіп, тамашалай алады. Сонымен бірге, халқымыздың басқа да салт-дәстүрімен жақын танысуға мүкіндік жасалған. Дұнхуаң - қандастарымыз тұрып жатқан Ақсай ауданымен көрші орыналасқан қала.
nullnull

«Дұнхуаң қаласы - байырғы Жібек жолы бойындағы маңызды қала және Қытайдағы мемлекеттік тарихи-мәдени орталықтардың бірі.  Бұл көне қала «Дұнхуаң тас үңгірі»,  «Дұнхуаң ежелгі қабырға суреттері» секілді ерекше құнды, байырғы мәдени жәдігерлерімен әлемге танылған. Осындай ежелгі мекенді әлемнің  әр түкпірінен көруге келетін туристер енді қазақ мәдениетімен де жақын таныса алады. Тіптен, осы арқылы туристердің қызығушылығын тудырып,  қонақтардың қазақтар мекендеген Ақсай ауданына атбасын бұруына, қазақ ұлтының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін тамашалауына жол ашып отыр», - деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосының» сайты.

Қазақстанда өткен «Армия-2018» халықаралық байқауында 
ирандық ұшқыш үздік атанды - «Фарс» ақпарат агенттігі
null

Қазақстанда өткен «Армия-2018» халықаралық сайысының соңында ИИР әскерінің ұшқышсыз ұшақтар командасы кәсіби біліктілік, ұйымшылдық және қайсарлық танытқаны үшін ең үздік команда және Меһди Йағуби осы кезеңнің ең үздік ұшқышы атанды, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.

«Иранның ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарының командасы Қазақстанда өткен әскери ойындарда барлық миссияны, соның ішінде нысандарды күндіз және түнде 40 шақырымға дейінгі қашықтықта анықтау, өртті ауыздықтау мақсатында нысандардың координацияларын көрсету, броньді баған мен көлікті басқару және жәрдем беріп, құтқару миссияларын сәттілікпен орындады. Қазақстанның «Отар» әскери полигонында өткен «Армия-2018» халықаралық бәсекесіне Иран Әскері толығымен жергілікті мамандар тарапынан жобаланып, өндірілген «Сафир» атты ұшқышсыз басқарылатын ұшақпен қатысты», - деп жазады «Фарс» ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері бірігіп,
«Электрондық сауда алаңын» құрды - «Жэньминь жибао»
null

Қытай мен Қазақстан елдерінің арасындағы «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында қос елдің кәсіпкерлері ортақ «Электрондық сауда алаңын» құрды, деп хабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.
null

«Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай мен Қазақстан елдерінен келген кәспікерлер бірігіп құрған «Электрондық сауда алаңы» бар. Осы сауда орталығында жұмыс істейтін Қазақстан азаматы Бақыт Ботабекұлы әртүрлі өнімдерді жарнамалауға жауапты. Олар Қытайдан келген электроника, техника, киім-кешек секілді тұрмыстық бұйымдарды қазақстандық тұтынушыларға таныстыраса, ал Орталық Азия елдерінің  сапалы азық-түліктерін қытайлық тұтынушыларға таныстырады. 2018 жылдың наурыз айында ашылған «Электрондық сауда алаңы» екі елдің тиімді сауда саясатының арқасында табысты жұмыс атқарып жатыр»,- деп жазады  «Жэньминь жибао» сайты.

Ауғанстан сауда делегациясы Астанаға келді - TRT
null

Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хумаюн Расав бастаған кәсіпкерлер делегациясы Қазақстанның Астана қаласына келді, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хумаюн Расав бастаған кәсіпкерлер делегациясы Астанаға келді. Іс-шараға 40-тан астам іскер топ өкілдері қатысты, олардың 20-дан астамы ауған бизнесін таныстырды. Сапар барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Ауғанстан делегациясымен кездесті. Тараптар түрлі салалардағы сауда-инвестициялық, ауыл шаруашылығы, жер және әуе көлігі, сондай-ақ геология және минералды ресурстар сияқты түрлі салаларда Қазақстан-Ауғанстан қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады»,-  деп жазады TRT.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, бұл кездесудің нәтижесінде сауда-экономикалық қатынастар бойынша екіжақты ынтымақтастық тақырыбында пікір алмасуға мүмкіндік туды. Конференция қорытындысы бойынша делегация басшылары келісілген хаттамаға қол қойды. Кездесу сындарлы және достық қарым-қатынас жағдайында өтті.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 180,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% -ға жоғары (151,1 млн АҚШ доллары). 2005 жылдан 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін Ауғанстаннан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 0,2 млн АҚШ долларына жетті. 2005 жылдан 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін Қазақстаннан Ауғанстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны - 0,3 млн АҚШ доллары.

 

Соңғы жаңалықтар