Әлемге танымал математиктердің бірі Семейде тұрады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Еліміздегі білімді математиктердің бірі Семейде тұрады. Ол - Олег Пименов. Ол математикалық жоғары білімі болмаса да, ұзақ жылдар шешімі табылмаған есептердің шешкен жанның бірі. Олег «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына кірген санаулы семейліктердің бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олег Пименов 1960 жылы сол кездегі Семипалатинск, қазіргі Семей қаласында суретші отбасында дүниеге келген. Анасы өмір бойы Семей ет комбинатында технолог болып еңбек еткен. Ал әкесі суретші болған. Қаладағы № 14 мектепте білім алған болашақ математиктің бойынан  сол кезде мұғалімдері де ерекше қабілетті байқамағанын айтады.

«Ол кезде мектепте  математика үйірмесі жоқ еді. Тек мектеп бағдарламасына бойынша өтетін. Бірақ математикаға өзім қатты қызығатынмын. 12 жасқа келгенде оқушыларға арналған «Квант» математикалық журналына жазылдым. Осы журналдан Ферма теоремасы туралы оқыдым. Әрине, 12 жасымда бұл тапсырманы  өсе келе өзім орындаймын деп ойлаған емеспін.  Бірақ іштей арманым болды, -  дейді  Олег Пименов.

Ал сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін Олег Пименов медициналық училищеге фельдшер мамандығы бойынша оқуға түседі. Осында  математика жанашыры Вернер Ганефельдпен танысқан. Білікті ұстаз Олегтің бойындағы математикаға деген құлшынысты байқап, сабақтан тыс тапсырмалар беріп жүреді. Ал училищені бітіргеннен кейін оқыған мамандығы бойынша жұмыс істеуге ниеті болмайды. Сондықтан балаларды өзінің сүйікті ойыны шахматқа баулумен айналысады. Ал өзінің шахмат ойынына  қызығушылығы  6 жасында оянған.  12 жасында мектептегі шахмат  үйірмесіне жазылып жаттыға бастайды. Бір жылдан кейін оқушылар арасында шахматтан өткен турнирге қатысып, бірінші орынға ие болады.

«Мен дәрігер мамандығына оқуға түскен кезде барлығы таңғалқы. Неге физика-математика мамандығына оқуға түспедің? деген сұрақтар көп қойылды. Мектепті бітірген кезде тіпті бұл туралы ойламаппын. Мен шахмат  ойнағанды ұнататынмын.  1999 жылы шахмат этюдтарын құрастырумен айналыстым. Ал, 2006 жылы Нидерланды да  шахматтан өткен әлем чемпионатына қатысып, 12-орын алдым.  Өз жұмысымды электронды түрде жібердім. Үш елдің тәуелсіз сарапшылары менің жұмыстарымды бағалады.  Бүгінгі таңда мен жүзден астам композициялар мен этюдердің авторымын», - деді Олег Пименов.

Дегенмен, Олег Пименов математикалық білімі болмаса да, небір қиын есептерді шешуден қиналмаған. Тіптен, ұзақ жылдар көпшілігі жауабын таба алмаған Ферма теоремасын шешкен екен. Бұл есептің шешімін табуға өмірінің 19 жылын арнапты.

«1980 жылдары мен оларды терең зерттеуге кірісіп, шешімін табуға тырыстым. Өйткені, мен ешкім қол жеткізе алмайтын нәрсеге қол жеткізгім келді. 1987 жылы Геронның бірінші тапсырмасын шештім. Бұл үшін 7 жыл уақытым кетті. Ал Гаусстың тапсырмасын шешу үшін  12 жыл жұмыс істедім, Ферманың теоремасына 19 жыл уақыт кетті. Барлық үш тапсырманы параллель шешіп, әрдайым тиімді тәсіл іздедім», - деді Олег Пименов.

Олег Пименов бүгінгі күнге дейін шахмат этюдтарын құрастырып, математикалық зерттеулер жүргізуін жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар