Әлемге танымал боксшылар Головкинді жеңді деп есептейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес тең түсті. Алайда танымал боксшылар ондай шешіммен келіспейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрынғы әлем чемпионы Ленокс Льюис төрешілер шешімімен келіспейді. Оның айтуынша, бүгінгі жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жеңді.

«Меніңше, Головкин таза жеңді. Альварестің аяғына дейін шыдағаны ұнады. Негізі, төрешілер күлкілі шешім шығарды. Екі боксшы да барын салды. Алайда, тең түсетіндей ештеңе болған жоқ», - деп жазды Льюис Twitter парақшасында.

Аты аңызға айналған Джордж Форман да GGG-дің басымдығын атап өтті.

«Сауль бар күш-жігерін салды, бірақ Геннадий бүгін басым болды», - дейді ол.

Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо болса, барлық төрешілердің кәсіби дайындығына күмән келтірді.

«Бұлар төрешілерді Австралиядан алып келген бе?», - деп жазды Пакман.

Американың тағы бір танымал боксшысы Пол Малиньяджи барлығын ақша шешіп отыр дейді. «Өкінішке қарай, «Канело» сияқты боксшылар қыруар ақша әкелсе, соның арқасында көптеген адамдар байып жатады. Сондықтан бұл жерде барлығы жабылып, «сауын сиырды» қорғап отыр», - дейді Малиньяджи.

Рио-Олимпиадасында төшілердің шешіміне ашық наразылық көрсетіп, дөрекі қылығымен көзге түскен ирландиялық боксшы Майкл Конлан да өз пікірін білдірді.

«118-110, бұл не?! Қып-қызыл өтірік! АИБА, тағы сіздер араласқансыңдар ма?», - деп жазды Конлан.

Бүгінгі жекпе-жекте Аделаида Берд деген бір төреші «118-110 есебімен Альварес жеңді» деген шешім шағарған болатын. Онымен экс-чемпион Девон Александр да келіспейді.

«Бұл - таза ессіздік! 118-110 есебін қалай шығаруға болады? Меніңше, Головкин жеңді», - деп жазды Александр өз парақшасында. Ал бірінші орта салмақтағы абсолютті чемпион Теренс Кроуфорд 118-110 есебімен Альвареске жеңіс беріп қойған төрешіні жұмыстан қуып шығу қажет деп санайды.

Жалпы, америкалық сарапшыларды арасында «Канелоға» қарағанда Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкинмен тең түсуге лайықты» деген көзқарас бар.

Айта кетейік, НВО Sports арнасының бейресми төрешісі Харольд Ледерман да Геннадий Головкин жеңді де санайды. Жекпе-жектен кейін эфирде оның есебі көрсетілді. Оған сәйкес, GGG 116:112 ұпайымен жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар