Әлемге танымал блогер өз қаржысына көзі нашар көретін 1 мың адамға операция жасатты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемге танымал американдық YouTube блогері MrBeast 1 мың көзі нашар көретін зағип жандардың операцияларына өз қалтасынан ақы төлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN арнасына сілтеме жасап.

Өткен сенбі күні жарияланған соңғы видеосында MrBeast (блогердің есімі - Джимми Дональдсон) қандай да бір себептермен көзіне ота жасай алмай жүрген көзі нашар көретін 1 мың адамның операция жасауына көмектескенін айтты.

Ота тек АҚШ азаматтарына ғана емес, сонымен қатар Мексика, Бразилия, Ямайка, Гондурас, Вьетнам, Индонезия және басқа елдердің тұрғындарына жасалған. Бейнежазбада пациенттердің отаға дейінгі жағдайы мен ота жүргізілген соң көру қабілетінің жақсаруы, олардың эмоциялары көрсетілген.

Блогер MrBeast тек көз жанарын ауыстыру оталарын төлеумен шектеліп қалмады. Ол науқастардың біріне колледжде оқу ақысын төлеуге көмектессе, енді біреуіне көлік те сыйлаған.

Офтальмолог және хирург Джефф Левенсон MrBeast командасын SEE International ұйымымен байланыстырды. Ол блоггерге бүкіл әлем бойынша зағип науқастарды табуға және ота ақысын төлеуге көмектесті. Шамамен үш аптаның ішінде барлығы 1000 операция жасалған.

MrBeast жариялаған видео 44 млн-нан астам рет қаралым жинап үлгерген.


Видеодан алынған кадр/ youtube.com/user/mrbeast


Соңғы жаңалықтар