Әлемге белгілі ритейлер «Leroy Merlin» Алматыда 3 сауда үйін салатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлемге белгілі еуропалық ритейлер «Leroy Merlin» Алматыда 3 сауда үйін салатын болды. Мұндай келісімге бүгін «Adeo Groupe» компаниялар тобының вице-президенті Дэвид Глассон мен Алматы әкімдігінің инвесторларға қызмет көрсету орталығы қол қойды.

Ауданы 16,5 мың шаршы метр болатын алғашқы гипермаркеттің құрылысы жылдың соңында басталмақ. Нысан «Aport Mall» сауда орталығының маңынан бой көтеретін болды.

Шетелдік компания құрылыс жұмыстарына 10 млрд теңге салмақ. Өз кезегінде бұл нысанда 350 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

«Leroy Merlin» екі гипермаркеті 2020 жылға дейін Құлжа тас жолында, Алматы-Қапшағай тас жолында бой көтеретін болды.

Айта кету керек, мұнда сатылатын өнімдердің 60 пайызы жергілікті өнім болады деп жоспарланып отыр. Сол арқылы отандық шағын кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік туады.

Сондай-ақ, гипермаркеттердің құрылысы Алматы-2020 даму бағдарламасына сәйкес қаланы полиорталықтандыруға септігін тигізбек.

Алматыда биыл ақпанда Carrefour сауда орны, McDonalds фаст-фуд орталығы ашылады. Қалада бірнеше ай бұрын Starbucks кофеханасы ашылды.

Соңғы жаңалықтар