Әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гиннестің рекордтар кітабына енген әйгілі мюзикл әлемнің 9 тіліне аударылған. Ендігі кезекте «Notre Dame de Paris» мюзиклінің кейіпкерлері қазақ тілінде оныншы болып үн қатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орталық Азияда тұңғыш рет!  Р.Коччанте мен Л.Пламондонның даңқын өрлеткен әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклінің премьерасын Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» ұйымына қарасты «Астана Мюзикл» театры ұсынады», - делінген хабарламада.
Гиннестің рекордтар кітабына енген мюзикл әлемнің 9 тіліне аударылған. Енді, «Notre Dame de Paris» мюзиклінің кейіпкерлері қазақ тілінде оныншы болып үн қатады.
null20 жыл бұрын алғаш рет Париж қаласында қойылған мюзиклдің қазақ сахнасының төрінен табылуы елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.
«Notre dame de Paris» мюзиклінің қойылымы көрерменнің эстетикалық талғамын арттырып, еліміздегі мюзикл бағытының дамуына, бүкіләлемдік өнер сахнасында Қазақстанның музыкалық театр қойылымдарын насихаттауға зор үлес қоспақ. Notre dame de Paris» - әлемдік мәдениеттің жауһарына айналған ерекше туынды. Уақыт сынынан өтіп, талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленген мюзикл ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Алғашқы қойылымынан-ақ үлкен табысқа қол жеткізген мюзикл атақты классик жазушы В.Гюгоның романында баяндалған шынайы махаббат пен сатқындық оқиғасы, француздық шансон мен сыған мотивіне құрылған әсем әуезді музыка, ғажайып пен сиқырға толы цирк және акробаттар өнерімен өрнектелген. Мюзикл желісінде орындалатын «Belle», «Danse mon esmeralda», «Le Temps des Cathedrales» секілді елуге жуық әннің әуені тыңдарманды бірден баурайды», - делінген хабарламада.
nullОсыған байланысты «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклінің қазақша нұсқасын қою үшін вокалдық әншілерге, бишілерге және акробаттарға кастинг жариялайды. Іріктеу Алматы қаласында қазан айының 9-ы мен 10-ы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді. 
«Үміткерлерді мюзикл авторлары Р.Коччанте мен Л.Пламондон, Франциядан арнайы келген продюссерлер мен хореографтар қабылдайды. Байқауға 18-38 жас аралығындағы таланттар қатыса алады. Толық ақпарат qazaqconcert.kz сайты мен  «qazaqconcert» инстаграмм және Фейсбук желілерінде. Бұл заманауи Қазақстанның тарихындағы айтулы оқиға болары анық», - делінген «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар