Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

Әлемдік және отандық кино жұлдыздары Алматыда бас қосады

2019 жылғы 12 тамыз 18:25 135
Бөлісіңіз:
Әлемдік және отандық кино жұлдыздары Алматыда бас қосады

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Алматыда 2019 жылдың 14-20 қыркүйегі аралығында қала күні мерекесі аясында II Халықаралық «Almaty Film Festival» кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің орны ерекше Ержан Максим Сочиде өтетін халықаралық фестивальдің құрметті қонағы болады Қанат Омар Еуропадағы халықаралық фестивальда «күміс» еншіледі

Almaty Film Festival – Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен Astana Film Fund ұйымдастырған жаңа халықаралық кинофестиваль. Қазақстан киноөндірісін дамыту, кинематография өнеріне көпшілік қауымның назарын аудару және халықаралық ынтымақтастықты бекіту. Еліміздің мәдени астанасы Алматы қаласын Орталық Азия өңіріндегі ірі мәдени және саяхат орталығы ретінде, сонымен қатар әлемдік киноқауымдастығын Қазақстан киноөндірісінің жаңа мүмкіндіктерімен және артықшылықтарымен таныстыру фестивальдің басты мақсаты.

Үстіміздегі жылы фестиваль «Мәдениеттер жақындастығы» деген ұранмен 7 күн бойы негізгі үш алаңда өтеді.

Кинофестивальдің қазылар алқасына Алтын Пальма Бұтағының иегері, қазақстандық актриса Самал Еслямова, ресейлік жетекші кинопродюсерлердің бірі Алексей Петрухин және шетелдік кинематографистер кіреді.

Фестивальдің арнайы қонақтары: «Хорошо продакшн» продюсерлік орталығының басшысы, ресейлік танымал продюсер Наталья Иванова; «Абрамович Қорының» директоры Антон Малышев, Халықаралық Пусан Кинофестивалінің президенті Джей Джон, «EuropeanChildren'sFilmAssociation» бас хатшысы Феликс Вангиндерхюсен, Ресей Федерациясының үздік кастинг-директоры Елизавета Шмакова, «TheHollywoodReporter» журналисі Ник Холдворт, «Cineurope»- Еуропаның жетекші медиа-порталының журналисі Вассилис Эконому, португалдық продюсер және Локарно кинофестивалінің жүлдегері Пауло Бранко, француз киносыншысы, Канн ХКФ іріктеушісі Бенжамен Иллос және басқалар.

Фестивальдің қонақтары арасында әнші, актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова, актер және продюсер Фархат Әбдірайымов, кино және ТВ актері Санжар Мәдиев, актриса Әсел Сағатова, актриса Қарлығаш Мұхамеджанова, сценарист және режиссер Сатыбалды Нарымбетов, актер және режиссер Асанәлі Әшімов, сценарист және режиссер Дәрежан Өмірбаев және басқа да көптеген отандық кино жұлдыздары, қазақстандық кино және өнер қайраткерлері бар.

Фестиваль президенті, қазақстандық режиссер Ақан Сатаев: «Қазақстанның кинематография саласы жақсы өзгерістерді бастан өткеріп жатыр. Көрермендер арасында отандық киноға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Алматы кинофестивалі дамып, жас кинематорграфистерге идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Аудитория қызығушылығын тудырған жаңа есімдер туып, олар Қазақстаннан тыс жерлерде танылып келеді. Бұл Қазақстан мәдениетінің дамуы үшін өте маңызды» деді.

Almaty Film Festival негізгі байқауының тақырыбы – «Мәдениеттер жақындастығы». Байқауға 2019 жылы екі немесе одан да көп елдердің бірлескен өндірісінен шыққан 12 кинотуынды қатысады.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT