USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі 2022 жылы өтеді

2021 жылғы 6 қазан 17:39
Бөлісіңіз:
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі 2022 жылы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі 2022 жылдың қыркүйек айында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысының қорытындысында VII съезд өтетін орын мен мерзімі белгіленді. Атап айтқанда, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі 2022 жылғы 14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Аталған форумда пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі кеңінен талқыланбақ.

Отырыс соңында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев бүгінгі кездесу түрлі мәдениеттер мен дін өкілдерінің ынтымақтастықта және бейбітшілікте өмір сүруге деген ортақ ұмтылысын кезекті рет паш еткенін атап өтті. Сондай-ақ хатшылық басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің дәстүрге айналған осы ұмтылысы форумның әрі қарай да табысты жұмыс істеуіне негіз боларына сенім білдірді.

Съезд хатшылығының отырысына 20 елден келген әлемдік діндер мен конфессиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Дін лидерлері өз сөздерінде Қазақстан өз ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де дінаралық және конфессияаралық диалог орнатуға баса мән беріп, осы бағытта маңызды жұмыс атқарып келе жатқанын айрықша атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT