Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі аяқталды

None
None
денің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезінің салтанатты жабылу рәсімі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі өз жұмысын аяқтады. Съезге келген барлық делегация басшыларына жемісті еңбектері үшін ризашылығымды айтқым келеді. БҰҰ, өзге де халықаралық ұйымдар өкілдеріне, әр елдің саясаткерлері мен қоғам қайраткерлеріне съездің жұмысына шақыруымызды қабыл алғандары үшін шексіз алғысымызды айтқым келеді», деді Елбасы.

 Естеріңізге сала кетейік, кеше Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі барысында Съезд хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының келесі IV съезін 2012 жылы Астана қаласында өткізу жөнінде нақты ұсыныстар бар, деп мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, келесі Съезді өткізу күні мен ұйымдастыру жұмыстарын Хатшылық өкілдеріне жүктеу туралы ұсыныс түскен. «Осыған орай Съезд Хатшылығының кезекті IX отырысын ағымдағы жылы күз айларында өткізу жоспарланып отыр. Хатшылық отырысы өтетін күні мен орны туралы біз Сіздерді алдын ала хабардар етеміз», - деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар