Әлемдік рейтингте футзалдан Қазақстан құрамасы жеті сатыға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзал құрамаларының рейтингісінде Қазақстан ұлттық құрамасы жеті сатыға көтерілді, деп жазады Sports.kz.

Қазақстан құрамасының «Tashkent Cup-2014» халықаралық жарысындағы жеңісі оған жеті сатыға көтерілуге мүмкіндік берді. Енді Какау қамқорлығындағы спортшылар әлемде 23-ші орында тұр. Әлемдік рейтингтің көшін Испания елі бастады.

Ағымдағы футзалдық рейтинг:

1 (2). Испания - 1915 ұпай 2 (1). Бразилия - 1910 3 (3). Италия - 1747 4 (4). Ресей - 1739 5 (5). Аргентина - 1684 6 (6). Португалия - 1618 7 (7). Иран - 1588 8 (8). Украина - 1474 9 (12). Колумбия - 1415 10 (9). Жапония - 1401 ... 15 (15). Румыния - 1329 23 (30). Қазақстан - 1227.

Соңғы жаңалықтар