Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Әлемдік Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады

2022 жылғы 11 мамыр 10:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік Nickelodeon HD телеарна қазақ тілінде көрсетіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат арнаның сайтына сілтеме жасап.

«Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды тамашалаңыздар»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін Tiji, Nickelodeon арналарының балалар контенті қазақ тілінде жарық көретіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Новости по теме