Әлемдік мұнай өндіру биылғы жылдың ортасына қарай жылдам қарқынмен өседі – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елдердің вакциналау және қаржылық қолдау жөніндегі белсенді саясаты, бір жағынан, әлемдік экономиканы тез қалпына келтіреді, екінші жағынан бағаның өсуін жеделдетуге және дамыған елдерде ынталандыру шараларының неғұрлым жылдам қысқаруына байланысты бірқатар тәуекелдерді іске асыру ықтималдығын арттырады.

Бұл туралы ҚР Ұлтық банкінің ақша-кредит саясатына қатысты баяндамасында айтылған.

Әлемдік экономиканың өсуі бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары айтарлықтай өсу жағына қарай қайта қаралды. Оған әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, сондай-ақ ынталандыру шараларын іске асыру аясында бірқатар ірі елдердегі ағымдағы экономикалық өсудің күшеюі ықпал етті. Сонымен қатар, Үндістанда немесе вакциналау баяу қарқынмен өтетін немесе тіпті қолжетімді емес басқа елдерде эпидемиологиялық жағдай одан әрі нашарлаған жағдайда әлемдік экономиканың қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік экономиканың неғұрлым тез қалпына келуі әлемдегі геосаяси шиеленістің күшеюімен, сондай-ақ сауда соғыстарының қайта жандануымен шектелуі мүмкін. Жоғарыда аталған оң факторларды ескере отырып, ХВҚ 2021 жылы әлемдік экономиканың өсуі бойынша бағаны 5,5%-дан (ж/ж) 6,0%-ға (ж/ж) дейін көтерді.

Бұрынғыдай дамыған елдермен салыстырғанда дамушы экономикалардың неғұрлым жылдам өсуі күтіледі. 2022 жылға да баға жақсарды, алайда 2021 жылға қарағанда баяу өсу күтілуде (2022 жылға арналған болжам 4,2%-дан (ж/ж) 4,4%-ға(ж/ж) дейін көтерілді). Нәтижесінде, осы жылдың басында көптеген Еуропа елдерінде вирустың таралуына байланысты шектеу шаралары ұзартылғандықтан, сондай-ақ вакциналау процесінің баяулауына байланысты 2021 жылғы бірінші тоқсанда ЕО елдері экономикаларының төмендеуі байқалды. 2021 жылғы екінші тоқсаннан кейін жағдай едәуір жақсарады деп күтілуде, бұл вакциналау бағдарламаларын өрістетумен, сондай-ақ көптеген карантиндік шектеулерді алып тастаумен бірге жүред

Дегенмен, АҚШ пен Қытайға қарағанда еуропалық экономикалардың көпшілігі дағдарысқа дейінгі өндіріс көлеміне, кем дегенде, 2022 жылдың басына дейін қол жеткізе алмайды деп күтілуде. Жыл басындағы экономикалық белсенділіктің төмен серпініне байланысты Consensus Ecs 2021 жылы ЕО экономикасының өсу болжамын 4,1%-дан (ж/ж) (2021 жылғы 8 ақпандағы алдыңғы бағалау) 4,0%-ға (ж/ж) дейін азайтты (1-график). Бұл ретте 2022 жылға дейін бағалау 4,0%-дан (ж/ж) 4,1%-ға (ж/ж) дейін жақсартылды.

Қытай экономикасы 2021 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың төмен базасы аясында жоғары өсу қарқынын көрсетті. Бұл нәтиже аяқталады деп күтілуде және 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап Қытай экономикасы неғұрлым қалыпты динамикамен сипатталады, бұл қазір бөлшек сауда, инвестициялар және өнеркәсіптік өндірістегі өсудің күрт баяулауымен расталады. Қазіргі уақытта тауар жеткізілімдерімен және шикізат тауарларына шығындардың өсуімен байқалатын проблемалар сақталған жағдайда экономикалық белсенділікке қысым күшеюі мүмкін.

Коронавирус пандемиясының салдарымен күресу аясында өткен жылы мемлекет тарапынан енгізілген қаржылық ынталандырудың қысқаруы қосымша тежеуші фактор болуы мүмкін. Экономикалық өсу әлемдік экономиканың қалпына келуі аясында экспорттың одан әрі ұлғаюымен, сондай-ақ елдегі жоғары инвестициялық белсенділікпен қолдау табатын болады. Consensus Ecs. Қытай бойынша 2021 жылға арналған болжамды 8,4%- дан (ж/ж) 8,7%-ға (ж/ж) дейін жақсартты (1-график). 2022 жылға арналған болжам 5,5% (ж/ж) деңгейінде өзгеріссіз қалды. Consensus Ecs болжамы бойынша Ресей экономикасы 2021 жылы 3,1%-ға өседі (ж/ж) (2021 жылғы 18 қаңтардағы алдыңғы бағалау-2,8%-ға өседі (ж/ж)) (1-график). Мұнайдың неғұрлым жоғары әлемдік бағасы, сондай-ақ инвестициялық белсенділіктің күтілетін күшеюі өсудің басты драйверлері болады.

Екінші жағынан, экономикалық белсенділіктің болжамды қалпына келуі ОПЕК+ жаңартылған келісімінің аясында мұнай өндіруді баяу өсіру нәтижесінде тау-кен өндірісі мен экспорттың баяу өсуімен шектелуі мүмкін. Қолда бар кірістердің күтілетін әлсіз өсуіне байланысты, оның ішінде монетарлық жағдайлардың күшеюіне байланысты ішкі тұтыну да тежеуші әсер етуі мүмкін. Экономикалық белсенділіктің төмендеу тәуекелдері соңғы уақытта қайта басталған геосаяси шиеленіспен де байланысты. 2022 жылы Ресей экономикасы өзінің ықтимал деңгейіне оралады.

Consensus Ecs болжамына сәйкес экономиканың өсу қарқыны., 2,7% (ж/ж) құрайды (2021 жылғы 18 қаңтардағы алдыңғы бағалау – 2,7%-ға өсу (ж/ж)). ЕО-да жанармай бағасының жоғары болуына байланысты, карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін ішкі сұраныстың тез қалпына келуі, сондай-ақ өткен жылдың соңында бірқатар Еуропа елдерінде ҚҚС мөлшерлемесінің төмендеуі аясында инфляция болжамы сәл көтерілді. Инфляция 2021 жылы шыңына жетеді деп күтілуде, одан әрі 2022 жылы баяулайды (2-график). Қытайда инфляция болжамы да біршама көтерілді. Базаның әсерінен тұтыну бағаларына ең көп қысым 2021 жылдың соңында болады деп күтілуде. Алайда, бағаның күтілетін үдеуі нарықтағы ұсыныстың өсуіне байланысты өткен жылы шошқа еті бағасының өсуіне қарағанда біршама қалыпты болады. 2022 жылы инфляция тежелген күйінде қалады (2-график). Күтулері бойынша өндірушілердің бағалары 2021 жылдың ортасында ең жоғары мәнге жеткеннен кейін, төмен базаның әсері таусылған сайын біртіндеп төмендейді.

Consensus Ecs. жаңартылған болжамдарына сәйкес, Ресейде тұтынушылық инфляцияның жеделдеуі күтілуде. Бағаның болжамды өсуі азық-түлік пен шикізатқа әлемдік бағаның өсуіне байланысты сыртқы факторлардың үйлесуіне, сондай-ақ рубльдің АҚШ долларына одан әрі құнсыздануына байланысты болады. 2021 жылдың ортасына қарай ең жоғары мәнге жеткеннен кейін бағаның өсу қарқынының біртіндеп баяулауы болжанады. Дегенмен, 2021-2022 жылдары инфляция таргеттелетін деңгейден жоғары болады (2- график).

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы монетарлық ынталандырудың жоғарылауымен бірге жаһандық инфляциялық қысымның күшеюіне әкелді. Бұл, өз кезегінде, ірі орталық банктердегі мөлшерлемелерді төмендету циклін алып тастау болжанғаннан тезірек тәуекелдерді арттырады. Елдердің вакциналау жөніндегі белсенді саясаты әлемдік мұнай нарығындағы ағымдағы жағдайдың және болашақ дамуға қатысты күтулерге айтарлықтай жақсаруына алып келді.

EIA бағалауы бойынша мұнайға сұраныс мұнай ұсынысынан кем дегенде 2022 жылдың басына дейін алда болады, бұл мұнай тапшылығының сақталуына себепші болады. 2022 жылғы бірінші тоқсанға кейін сұранысқа сәйкес келетін теңдестірілген мұнай нарығына әкелетін мұнай жеткізілімінің ұлғаюы күтілуде (3-график). Халықаралық ұйымдардың болжамдары бойынша мұнайға жаһандық сұраныс биыл орташа есеппен тәулігіне 5-6 млн баррельге артып, тәулігіне 96-98 млн баррельді құрайды (4-график). Көптеген елдерде COVID-19-ға байланысты шектеу шараларын алып тастау, әуе сапарларының қайта басталуы, сондай-ақ жазғы маусымның басталуы жақын болашақта мұнайға сұраныстың айтарлықтай өсуіне әкеледі деп күтілуде. Тұтынудың өсуіне негізгі үлес АҚШ пен ЕО тарапынан күтіледі, онда вакциналау деңгейі 50%-ға жақындады. Болжамдық кезең ішінде мұнайға сұраныстың айтарлықтай жылдам өсуіне қарамастан, дағдарысқа дейінгі деңгейге оралу тек 2021 жылдың соңына қарай орын алуы мүмкін. Әлемдік мұнай өндіру биылғы жылдың ортасына қарай неғұрлым жылдам қарқынмен өсе бастайды (5- график). Мұнай өндірудің ұлғаюы, ең алдымен, шектеулерді біртіндеп жеңілдету туралы қабылданған шешімге байланысты ОПЕК+ елдерінде күтіледі. Мұнай өндірудің өсу қарқынын жеделдету АҚШ, Канада және Бразилияда да күтілуде.

Атап өтетін оң факторлармен қатар іске асырылуы жаһандық мұнай нарығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына теріс әсер етуі мүмкін бірқатар тәуекелдер бар. Біріншіден, Үндістанда және жалпы Азияда коронавирус ауруының тез өсуі ерекше алаңдаушылық тудырады. Сонымен қатар, әлемдегі вакциналау жетістіктерімен қатар мұнайға сұраныстың маусымдық кенеттен өзгеруі осы жағымсыз әсерді бәсеңдетеді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта АҚШ әкімшілігі Иранға енгізілген бірқатар санкцияларды алып тастау мүмкіндігін қарастыруда, бұл сайып келгенде мұнай ұсынысын арттырып, бағаларға төмен қысым көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ, қазіргі уақытта АҚШ әкімшілігі Иранға енгізілген бірқатар санкцияларды алып тастау мүмкіндігін қарастыруда, бұл сайып келгенде мұнай ұсынысын арттырып, бағаларға төмен қысым көрсетуі мүмкін. Тәуекелдердің тағы бір тобын мөлшерлеменің өсу цикліне неғұрлым жылдам өту аясында АҚШ доллары бағамының қалған әлемдік валюталарға қатысты нығаю мүмкіндігімен байланыстырады. Бұл тәуекел активтеріне, оның ішінде мұнайға сұраныстың төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Әлемдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды және халықаралық ұйымдардың болжамдарын назарға ала отырып, 2021 жылғы екінші тоқсаннан бастап 2022 жылғы төртінші тоқсанға дейінгі кезеңге арналған макроэкономикалық болжамдарды әзірлеу кезінде Ұлттық Банк экономиканы дамытудың 3 сценарийлі: базалық, пессимистік және оптимистік нұсқаларын қарастырады. Базалық сценарий кезінде орта мерзімді кезеңде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 60 АҚШ долларын құрайды деп болжанады. Оптимистік сценарий кезінде орта мерзімді кезеңде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне шамамен 65 АҚШ долларын құрайды деп болжанады, бұл мұнайға сұраныстың тұрақты өсуіне және мұнай тапшылығының сақталуына байланысты. Пессимистік сценарий кезінде орта мерзімді кезеңде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 50 АҚШ долларын құрайды деп болжануда, бұл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына, неғұрлым ұзақ вакциналауға, қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюіне, сондай-ақ мұнай нарығындағы теңгерімсіздікке байланысты болады.


Соңғы жаңалықтар