Әлемдік мұнай бағасы өсіп келеді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Мұнай бағасы мұнай мен акциялардың бағалары күрт құлдыраған «қара дүйсенбіден» кейін екінші күн қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Reuters-ке сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,26 долларға (немесе 3,4 пайыз) қымбаттап, баррелі 38,48 доллар болды. Сондай-ақ, WTI маркалы мұнай бағасы АҚШ-та 0,91 (немесе 2,7 пайыз) долларға өсіп, баррелі 35,27 доллар болды.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні мұнай бағалары 30 пайызға жуық құлдыраған болатын.


Соңғы жаңалықтар