Әлемдік мұнай бағасы құлдырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларда электрондық сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеуде, деп хабарлайды Газета.ру.

Нью-Йорк тауар биржасында  (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың шілдедегі фьючерстер  барреліне 49,65 долларға дейін, 0,30%-ға түсті. Лондон биржасында Brent маркалы мұнай фьючерсі шілдедегі жеткізумен Brent маркалы мұнайға фьючерстер барреліне 52,07 долларға, 0,15%-ға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар