Әлемдік мұнай бағасы қалай өзгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта мұнайдың бейсенбі күнгі бағалары түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда-саттық мәліметтеріне сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,14 долларға қымбаттап, бір баррельге 56,43 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,14 долларға арзандап, бір баррельге 50,5 долларды құрады. 

Соңғы жаңалықтар