Әлемдік мұнай бағасы едәуір төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында сейсенбі күнгі сауданың нәтижесі бойынша мұнай бағасы едәуір төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда нәтижесі бойынша Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 3,62 долларға дейін түсіп, 65,33 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың желтоқсан  айындағы фьючерстері бір баррельге 4,24 долларға төмендеп, 57,3 долларды  құрады.

Соңғы жаңалықтар