Әлемдік мұнай бағасы едәуір арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,59долларға арзандап, баррелі 58,4 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,76 долларға төмендеп, бір баррелі 54,47 доллар болды.

Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар